Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    18,1%
    2025 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 18,1% өсіп, 4851 млрд. теңгені құрады.
    92,5%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,5%, шетелдік –6,8%, мемлекеттік –0,7% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (24,8%) мен тұрғын ғимараттар (12,9%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге21,8%), автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,3%) және тұрғын үйлердің (13%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (44,6%), Солтүстік Қазақстан (41,5%), Батыс Қазақстан (37,5%), Қостанай (35,6%), Жетісу (29,6%), Түркістан (27,2%), Маңғыстау (26%), Қарағанды (25%), Ақмола (23,3%), Алматы (22,3%), Ақтөбе (21,2%) және Абай облыстарында (20,8%), Алматы (36,6%), Астана (27,5%) және Шымкент қалаларында (14,8%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2025 жылғы тамыз, пайызбен 2025 жылғы қаңтар-тамыз 2024 жылғы қаңтар-тамызға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы шілдеге 2024 жылғы тамызға
    Қазақстан Республикасы 4 850 997 640 102,1 115,9 118,1 100,0
    Абай 148 148 082 126,5 128,3 120,8 3,1
    Ақмола 171 707 745 102,7 92,5 123,3 3,5
    Ақтөбе 212 693 049 94,8 103,3 121,2 4,4
    Алматы 219 259 684 144,2 109,7 122,3 4,5
    Атырау 314 804 820 91,3 66,6 63,8 6,5
    Батыс Қазақстан 180 465 401 135,2 155,6 137,5 3,7
    Жамбыл 188 511 342 110,4 185,4 119,6 3,9
    Жетісу 183 561 326 142,5 161,9 129,6 3,8
    Қарағанды 400 695 485 108,9 139,5 125,0 8,3
    Қостанай 178 741 902 99,2 112,8 135,6 3,7
    Қызылорда 164 232 111 113,3 199,7 144,6 3,4
    Маңғыстау 202 674 650 96,4 113,3 126,0 4,2
    Павлодар 194 229 297 119,2 114,2 113,5 4,0
    Солтүстік Қазақстан 116 023 955 132,5 178,8 141,5 2,4
    Түркістан 311 550 162 101,0 92,6 127,2 6,4
    Ұлытау 62 789 325 100,3 98,5 97,3 1,3
    Шығыс Қазақстан 221 118 728 78,6 96,9 104,3 4,6
    Астана қаласы 710 746 692 62,1 93,9 127,5 14,6
    Алматы қаласы 512 641 759 119,0 140,4 136,6 10,6
    Шымкент қаласы 156 402 125 118,3 97,4 114,8 3,3
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 14846,3мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,5% көбейді, 10935,3 мың шаршы метрді құрады, олардан 6897,6 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 3936,3 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін –10110,3 мың шаршы метрді немесе 92,5%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 4057,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар-тамызға пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар-тамызға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 10 935 314 104,5 602 317 10 110 295 4 057 830 98,9 222 702
    Абай 139 564 73,5 11 119 128 445 57 178 114,0 -
    Ақмола 351 188 113,9 1 503 346 335 172 623 98,9 3 350
    Ақтөбе 501 084 102,8 38 423 462 661 310 521 123,0 -
    Алматы 819 091 120,3 19 017 707 445 570 752 126,1 92 629
    Атырау 364 737 87,5 14216 350 521 286 478 95,9 -
    БатысҚазақстан 329 609 102,5 27 621 296 154 176 081 88,0 x
    Жамбыл 403 289 102,8 32 243 371 046 317 690 92,8 -
    Жетісу 186 746 124,3 25 064 161 682 100 878 110,1 -
    Қарағанды 351 727 106,3 9 366 342 361 47 061 106,8 -
    Қостанай 330 750 103,4 33 650 297 100 59 601 62,3 -
    Қызылорда 564 141 101,1 6 213 557 928 504 951 95,2 -
    Маңғыстау 303 252 54,1 8 236 284 356 152 890 71,2 10 660
    Павлодар 208 112 102,0 32 293 175 819 132 302 121,9 -
    Солтүстік Қазақстан 131 097 106,2 16 719 113 624 87 479 97,5 x
    Түркістан 669 383 114,5 125 042 544 341 468 998 96,2 -
    Ұлытау 59 264 143,8 18 976 40 288 29 516 104,3 -
    Шығыс Қазақстан 164 621 101,6 46 006 100 100 53 122 106,7 x
    Астана қаласы 2 650 047 108,6 117 863 2 516 852 34 149 126,3 15 332
    Алматы қаласы 1 752 555 113,6 18 747 1 658 180 253 235 93,2 75 628
    Шымкент қаласы 655 057 100,9 - 655 057 242 325 82,0 -

    2025 жылғы қаңтар-тамызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 144999 оқу орнына арналған 140 жалпы білім беретін мектеп, 4159 орынға арналған 27 мектепке дейінгі ұйымдар 390 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 2193 келіп-кетушіге арналған 50 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші