2025 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (20,7%) мен тұрғын емес ғимараттар (11,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2025 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 25%), автомобиль, теміржолдары мен метролар (19,7%) және тұрғын үйлердің (13,3%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау (2 есе), Қызылорда (64,5%), Түркістан (46,6%), Ақмола (39,8%), Павлодар (37,4%), Жамбыл (34,8%), Алматы (33,8%), Жетісу (30,7%), Солтүстік Қазақстан (28,9%), Батыс Қазақстан (28,6%) және Абай (21,8%) облыстарында, Астана (51,8%) және Алматы қалаларында (24%) байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2025 жылғы мамыр, пайызбен | 2025 жылғы қаңтар-мамыр 2024 жылғы қаңтар- мамырға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2025 жылғы сәуірге | 2024 жылғы мамырға | ||||
| Қазақстан Республикасы | 2 001 046 156 | 133,2 | 113,4 | 115,4 | 100,0 |
| Абай | 45 421 054 | 134,9 | 171,1 | 121,8 | 2,3 |
| Ақмола | 63 254 860 | 232,3 | 98,0 | 139,8 | 3,2 |
| Ақтөбе | 82 353 056 | 144,5 | 132,1 | 114,9 | 4,1 |
| Алматы | 92 715 687 | 110,6 | 127,0 | 133,8 | 4,6 |
| Атырау | 152 040 227 | 100,6 | 47,5 | 43,2 | 7,6 |
| Батыс Қазақстан | 74 735 512 | 114,4 | 122,6 | 128,6 | 3,7 |
| Жамбыл | 75 671 085 | 104,4 | 195,0 | 134,8 | 3,8 |
| Жетісу | 78 249 501 | 125,2 | 122,7 | 130,7 | 3,9 |
| Қарағанды | 148 162 555 | 147,5 | 112,3 | 110,2 | 7,4 |
| Қостанай | 75 452 395 | 141,2 | 133,8 | 157,8 | 3,8 |
| Қызылорда | 71 213 585 | 136,7 | 161,8 | 164,5 | 3,5 |
| Маңғыстау | 108 114 032 | 98,5 | 188,8 | 196,2 | 5,4 |
| Павлодар | 74 312 279 | 149,0 | 135,2 | 137,4 | 3,7 |
| Солтүстік Қазақстан | 34 362 903 | 183,8 | 128,4 | 128,9 | 1,7 |
| Түркістан | 117 433 799 | 142,9 | 135,6 | 146,6 | 5,9 |
| Ұлытау | 25 570 965 | 149,4 | 76,2 | 78,4 | 1,3 |
| Шығыс Қазақстан | 106 095 630 | 118,7 | 116,2 | 119,1 | 5,3 |
| Астана қаласы | 307 672 441 | 158,8 | 109,7 | 151,8 | 15,4 |
| Алматы қаласы | 200 429 376 | 140,6 | 132,3 | 124,0 | 10,0 |
| Шымкент қаласы | 67 785 214 | 126,7 | 109,4 | 117,3 | 3,4 |
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 8224,6 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7% көбейді, 6021,3 мың шаршы метрді құрады, олардан 3854,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 2126,7 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 5663,3 мың шаршы метрді немесе 94%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 2175,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | 2024 жылғы қаңтар-мамырға пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2024 жылғы қаңтар-мамырға пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 6 021 325 | 105,7 | 224 028 | 5 663 246 | 2 175 303 | 99,5 | 134 051 |
| Абай | 34 793 | 36,8 | - | 34 793 | 25 526 | 98,3 | - |
| Ақмола | 157 231 | 78,6 | 1 503 | 155 605 | 105 681 | 99,9 | x |
| Ақтөбе | 315 642 | 106,2 | 34 745 | 280 897 | 195 149 | 130,0 | - |
| Алматы | 463 001 | 120,4 | 13 668 | 379 592 | 311 591 | 117,2 | 69 741 |
| Атырау | 189 293 | 103,2 | - | 189 293 | 155 730 | 85,8 | - |
| Батыс Қазақстан | 166 313 | 101,9 | 1 476 | 164 837 | 90 129 | 71,8 | - |
| Жамбыл | 222 107 | 102,9 | - | 222 107 | 174 700 | 94,7 | - |
| Жетісу | 87 270 | 104,4 | 7 420 | 79 850 | 53 085 | 97,9 | - |
| Қарағанды | 141 351 | 66,1 | 4 018 | 137 333 | 25 055 | 81,8 | - |
| Қостанай | 179 524 | 102,5 | - | 179 524 | 39 998 | 76,0 | - |
| Қызылорда | 247 282 | 104,6 | 6 213 | 241 069 | 194 298 | 90,5 | - |
| Маңғыстау | 135 802 | 91,9 | 8 236 | 127 566 | 60 878 | 60,1 | - |
| Павлодар | 99 359 | 107,6 | 9 555 | 89 804 | 85 476 | 133,9 | - |
| Солтүстік Қазақстан | 56 962 | 110,6 | - | 56 962 | 52 559 | 127,7 | - |
| Түркістан | 306 094 | 125,5 | 15 690 | 290 404 | 234 516 | 107,7 | - |
| Ұлытау | 22 591 | 115,5 | 11 291 | 11 300 | 11 300 | 99,5 | - |
| Шығыс Қазақстан | 116 402 | 114,3 | 28 400 | 69 487 | 30 561 | 95,9 | x |
| Астана қаласы | 1 505 412 | 105,6 | 63 066 | 1 442 346 | 22 969 | 157,6 | - |
| Алматы қаласы | 1 138 848 | 112,2 | 18 747 | 1 074 429 | 159 693 | 90,2 | 45 672 |
| Шымкент қаласы | 436 048 | 123,4 | - | 436 048 | 146 409 | 107,4 | - |
2025 жылғы қаңтар-мамырда білім беру және денсаулық сақтау саласында 99379 оқу орнына арналған 85 жалпы білім беретін мектеп, 2134 орынға арналған 12 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 665 келіп-кетушіге арналған 21 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.