Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    16,2%
    2025 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2% өсіп, 1438,4 млрд. теңгені құрады.
    91,9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 91,9%, шетелдік – 6,8%, мемлекеттік –1,3% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (19,2%) мен тұрғын емес ғимараттар (15,3%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 27,2%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,8%) және тұрғын үйлердің (13,5%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау облысында (2 есе), Астана қаласында (75,5%), Ақмола (71,6%), Қостанай (66,6%), Қызылорда (65,5%), Түркістан (51,8%), Павлодар (38,5%), Алматы (36,5%), Жетісу (34,9%), Батыс Қазақстан (30,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (29,1%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2025 жылғы сәуір, пайызбен 2025 жылғы қаңтар-сәуір 2024 жылғы қаңтар-сәуірге, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы наурызға 2024 жылғы сәуірге
    Қазақстан Республикасы 1 438 412 729 69,4 114,4 116,2 100,0
    Абай 30 844 688 83,7 154,8 107,2 2,1
    Ақмола 43 922 231 40,3 145,3 171,6 3,1
    Ақтөбе 57 342 042 74,2 116,2 108,8 4,0
    Алматы 67 611 081 80,4 120,4 136,5 4,7
    Атырау 114 714 262 89,4 40,3 42,0 8,0
    Батыс Қазақстан 56 392 250 71,0 167,2 130,7 3,9
    Жамбыл 56 530 798 75,2 127,7 122,1 3,9
    Жетісу 54 087 463 80,3 126,6 134,9 3,8
    Қарағанды 97 557 575 86,4 120,4 109,0 6,8
    Қостанай 58 433 119 62,5 167,3 166,6 4,1
    Қызылорда 50 905 687 57,7 214,0 165,5 3,5
    Маңғыстау 80 735 499 115,9 149,8 198,7 5,6
    Павлодар 49 648 576 82,2 150,9 138,5 3,4
    Солтүстік Қазақстан 23 809 628 41,9 130,2 129,1 1,7
    Түркістан 82 863 280 61,4 139,7 151,8 5,8
    Ұлытау 17 813 043 76,1 94,0 79,5 1,2
    Шығыс Қазақстан 73 696 304 105,7 134,8 120,4 5,1
    Астана қаласы 225 074 444 52,7 157,8 175,5 15,6
    Алматы қаласы 146 688 063 51,9 151,1 121,3 10,2
    Шымкент қаласы 49 742 696 58,5 106,3 120,5 3,5
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6608,9 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,8% көбейді, 4882,3 мың шаршы метрді құрады, олардан 3197,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 1664,3 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 4590,8 мың шаршы метрді немесе 94%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1706,2 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар- сәуірге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар-н сәуірге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 4 882 290 106,8 174 455 4 590 844 1 706 157 101,9 116 991
    Абай 29 337 45,1 - 29 337 20 070 100,8 -
    Ақмола 134 811 81,0 1 503 133 185 86 903 103,0 x
    Ақтөбе 242 741 104,8 4 880 237 861 165 713 145,7 -
    Алматы 384 495 119,6 13 668 301 086 233 085 110,4 69 741
    Атырау 146 167 102,1 - 146 167 126 063 89,2 -
    Батыс Қазақстан 125 568 99,8 1 476 124 092 68 784 75,3 -
    Жамбыл 173 187 108,5 - 173 187 125 780 96,7 -
    Жетісу 72 064 110,5 7 420 64 644 41 579 104,0 -
    Қарағанды 75 351 40,3 - 75 351 17 571 90,7 -
    Қостанай 156 289 106,2 - 156 289 36 616 80,5 -
    Қызылорда 187 265 103,4 6 213 181 052 160 294 100,5 -
    Маңғыстау 123 348 98,4 8 236 115 112 48 424 61,4 -
    Павлодар 69 136 119,0 9 555 59 581 55 761 102,3 -
    Солтүстік Қазақстан 44 007 107,6 - 44 007 42 610 124,8 -
    Түркістан 226 166 112,9 - 226 166 182 756 103,6 -
    Ұлытау 17 319 119,1 11 291 6 028 6 028 56,4 -
    Шығыс Қазақстан 70 469 102,3 28 400 23 554 22 928 111,5 x
    Астана қаласы 1 365 607 106,2 63 066 1 302 541 18 067 158,6 -
    Алматы қаласы 915 896 123,7 18 747 868 537 133 343 96,9 x
    Шымкент қаласы 323 067 132,5 - 323 067 113 782 120,3 -

    2025 жылғы қаңтар-сәуірде білім беру және денсаулық сақтау саласында 82039 оқу орнына арналған 66 жалпы білім беретін мектеп, 1984 орынға арналған 10 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 255 келіп-кетушіге арналған 7 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс