Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    16,9%
    2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1014,8 млрд. теңгені құрады.
    90%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90%, шетелдік – 8,2%, мемлекеттік –1,8% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (29,3%) мен тұрғын емес ғимараттар (11,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 27,2%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,9%) және тұрғын үйлердің (13,5%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау облысы (2,4 есе), Астана қаласында (81,6%), Ақмола (79,2%), Қостанай (66,5%), Түркістан (57,4%), Қызылорда (51,3%), Алматы (46,3%), Жетісу (39,8%), Павлодар (32,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (28,8%) және Шымкент қаласында (27,2%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2025 жылғы наурыз, пайызбен 2025 жылғы қаңтар-наурыз 2024 жылғы қаңтар-наурызға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы ақпанға 2024 жылғы наурызға
    Қазақстан Республикасы 1 014 815 087 225,8 119,5 116,9 100,0
    Абай 20 003 021 231,5 83,1 91,9 2,0
    Ақмола 35 592 043 215,3 138,6 179,2 3,5
    Ақтөбе 39 995 767 224,3 106,1 105,9 3,9
    Алматы 44 851 856 366,6 133,2 146,3 4,4
    Атырау 77 516 277 233,5 64,7 42,9 7,6
    Батыс Қазақстан 40 290 231 182,4 116,5 120,3 4,0
    Жамбыл 38 138 008 343,2 122,8 119,4 3,8
    Жетісу 34 703 871 255,4 130,9 139,8 3,4
    Қарағанды 63 242 716 226,1 97,5 103,6 6,2
    Қостанай 46 333 891 86,4 153,1 166,5 4,6
    Қызылорда 35 975 992 510,8 138,1 151,3 3,5
    Маңғыстау 52 850 527 115,5 195,8 239,4 5,2
    Павлодар 33 027 391 216,8 133,2 132,7 3,3
    Солтүстік Қазақстан 18 045 517 459,0 129,3 128,8 1,8
    Түркістан 58 568 366 235,6 188,4 157,4 5,8
    Ұлытау 12 599 217 217,7 66,1 74,7 1,2
    Шығыс Қазақстан 46 345 113 199,5 97,1 113,1 4,6
    Астана қаласы 172 942 151 210,9 198,3 181,6 17,0
    Алматы қаласы 108 344 358 278,1 99,2 113,4 10,7
    Шымкент қаласы 35 448 774 429,7 110,8 127,2 3,5
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 4786 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 7,4% көбейді, 3729,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 2495,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 1218,4 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 3465,8 мың шаршы метрді немесе 92,9%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1255,9 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар-наурызға пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар-наурызға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 3 729 074 107,4 146 278 3 465 805 1 255 885 102,3 116 991
    Абай 24 487 40,8 - 24 487 15 220 97,4 -
    Ақмола 112 646 79,3 1 503 111 020 64 738 103,6 x
    Ақтөбе 199 402 102,3 4 880 194 522 132 331 146,2 -
    Алматы 268 479 107,4 - 198 738 156 837 109,5 69 741
    Атырау 111 383 121,5 - 111 383 94 399 105,1 -
    Батыс Қазақстан 88 057 108,8 1 476 86 581 45 133 79,3 -
    Жамбыл 147 877 117,7 - 147 877 103 835 105,1 -
    Жетісу 52 826 103,7 - 52 826 30 715 105,5 -
    Қарағанды 53 626 30,2 - 53 626 13 708 76,0 -
    Қостанай 120 392 102,3 - 120 392 30 014 92,5 -
    Қызылорда 155 950 101,4 6 213 149 737 128 979 95,3 -
    Маңғыстау 112 167 121,8 8 236 103 931 37 243 62,4 -
    Павлодар 54 169 113,2 4 898 49 271 45 959 103,7 -
    Солтүстік Қазақстан 30 576 107,3 - 30 576 29 810 137,2 -
    Түркістан 159 206 106,0 - 159 206 115 796 85,1 -
    Ұлытау 12 989 159,0 8 859 4 130 4 130 95,6 -
    Шығыс Қазақстан 66 405 101,7 28 400 19 490 18 864 98,2 x
    Астана қаласы 1 066 086 111,6 63 066 1 003 020 14 799 176,3 -
    Алматы қаласы 703 472 133,3 18 747 656 113 96 787 88,9 x
    Шымкент қаласы 188 879 125,5 - 188 879 76 588 145,8 -

    2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 49324 оқу орнына арналған 36 жалпы білім беретін мектеп, 1304 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 230 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс