2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (14,5%) мен имараттар (14,3%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,1%) мен автомобиль жолдары (17,3%) және тұрғын үйлердің (13,9%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (53,8%), Жетісу (51,1%), Солтүстік Қазақстан (31,4%), Алматы (28,7%), Ұлытау (28,1%), Түркістан (26,4%), Қостанай (24,9%), Шығыс Қазақстан (24%), Қарағанды (23,7%), Ақмола (22,8%), Абай (22,2%) облыстарында және Астана (22,3%) қаласында байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2024 жылғы желтоқсан, пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан 2023 жылға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2024 жылғы қарашаға | 2023 жылғы желтоқсанға | ||||
| Қазақстан Республикасы | 8 882 367 781 | 273,4 | 125,3 | 113,1 | 100,0 |
| Абай | 309 791 122 | 242,7 | 121,8 | 122,2 | 3,5 |
| Ақмола | 333 569 633 | 203,9 | 173,7 | 122,8 | 3,8 |
| Ақтөбе | 398 244 515 | 315,2 | 129,2 | 119,1 | 4,5 |
| Алматы | 430 448 116 | 376,5 | 155,6 | 128,7 | 4,8 |
| Атырау | 837 198 537 | 326,8 | 94,1 | 65,1 | 9,4 |
| Батыс Қазақстан | 335 518 759 | 256,2 | 169,2 | 111,9 | 3,8 |
| Жамбыл | 330 844 354 | 509,4 | 112,2 | 116,2 | 3,7 |
| Жетісу | 377 422 471 | 362,0 | 191,5 | 151,1 | 4,2 |
| Қарағанды | 665 337 573 | 153,4 | 74,0 | 123,7 | 7,5 |
| Қостанай | 315 333 317 | 245,8 | 186,9 | 124,9 | 3,6 |
| Қызылорда | 291 241 401 | 218,5 | 132,5 | 153,8 | 3,3 |
| Маңғыстау | 390 941 092 | 491,3 | 174,4 | 111,6 | 4,4 |
| Павлодар | 387 370 582 | 207,2 | 106,3 | 113,1 | 4,4 |
| Солтүстік Қазақстан | 221 295 397 | 455,1 | 148,0 | 131,4 | 2,5 |
| Түркістан | 536 152 111 | 437,8 | 118,6 | 126,4 | 6,0 |
| Ұлытау | 144 383 705 | 457,0 | 150,5 | 128,1 | 1,6 |
| Шығыс Қазақстан | 405 185 906 | 149,9 | 115,0 | 124,0 | 4,6 |
| Астана қаласы | 1 129 025 378 | 241,9 | 115,2 | 122,3 | 12,7 |
| Алматы қаласы | 732 166 503 | 242,8 | 150,3 | 117,0 | 8,2 |
| Шымкент қаласы | 310 897 309 | 215,1 | 87,6 | 114,0 | 3,5 |
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 22438 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% өсіп, 18963,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 12120,8 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6653,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 16965,2 мың шаршы метрді немесе 89,5%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 6932,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | 2023 жылға пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2023 жылға пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 18 963 407 | 106,4 | 1 701 399 | 16 965 203 | 6 932 790 | 104,7 | 296 805 |
| Абай | 363 246 | 100,2 | 41 567 | 321 679 | 110 070 | 114,0 | - |
| Ақмола | 661 389 | 100,3 | 131 923 | 526 036 | 300 944 | 90,9 | 3 430 |
| Ақтөбе | 964 039 | 76,4 | 35 497 | 928 542 | 533 348 | 63,7 | - |
| Алматы | 954 687 | 116,3 | 23 969 | 894 558 | 586 391 | 102,9 | 36 160 |
| Атырау | 751 334 | 101,3 | 86 576 | 650 942 | 472 916 | 97,5 | 13 816 |
| Батыс Қазақстан | 637 383 | 100,8 | 153 425 | 481 900 | 345 577 | 117,9 | x |
| Жамбыл | 759 006 | 104,5 | 106 311 | 652 695 | 597 559 | 99,8 | - |
| Жетісу | 371 930 | 115,2 | 74 997 | 273 970 | 191 112 | 121,2 | 22 963 |
| Қарағанды | 540 326 | 118,8 | 34 190 | 506 136 | 77 771 | 103,3 | - |
| Қостанай | 497 880 | 104,8 | 107 820 | 389 738 | 136 604 | 86,3 | x |
| Қызылорда | 866 842 | 116,9 | 46 809 | 820 033 | 747 725 | 111,4 | - |
| Манғыстау | 831 979 | 104,4 | - | 831 979 | 320 956 | 94,0 | - |
| Павлодар | 566 312 | 114,7 | 99 520 | 418 548 | 167 139 | 83,1 | 48 244 |
| Солтүстік Қазақстан | 329 862 | 108,3 | 108 833 | 221 029 | 158 757 | 113,3 | - |
| Туркістан | 1 153 341 | 127,7 | 14 128 | 1 139 213 | 965 708 | 155,6 | - |
| Ұлытау | 108 030 | 130,6 | 18 873 | 89 157 | 77 077 | 132,9 | - |
| Шығыс Қазақстан | 401 333 | 114,0 | 52 106 | 332 222 | 133 137 | 109,0 | 17 005 |
| Астана қаласы | 4 435 016 | 112,7 | 405 268 | 3 958 989 | 48 792 | 97,7 | 70 759 |
| Алматы қаласы | 2 402 667 | 89,7 | - | 2 324 650 | 413 547 | 101,1 | 78 017 |
| Шымкент қаласы | 1 366 805 | 126,1 | 159 587 | 1 203 187 | 547 660 | 134,9 | 4 031 |
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 40526 оқу орнына арналған 86 жалпы білім беретін мектеп, 4158 орынға арналған 29 мектепке дейінгі ұйымдар 1000 орынға арналған 4 аурухана және ауысымда 8498 келіп-кетушіге арналған 249 амбулаториялық-емханалық ұйымдар пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.