Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    12.8%
    2025 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% өсіп, 408,1 млрд. теңгені құрады.
    84.9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 84,9%, шетелдік –11%, мемлекеттік – 4,1% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (18%) мен тұрғын емес ғимараттар (10,9%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 35,4%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,7%) және тұрғын үйлердің (10%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ақмола (3 есе), Маңғыстау (2,9 есе), Қызылорда (2 есе), Қостанай (77,2%), Алматы (74,8%), Жетісу (67%), Шығыс Қазақстан (42,1%), Павлодар (31,6%), Солтүстік Қазақстан (26%), Батыс Қазақстан (25,2%) облыстарында және Шымкент (1,9 есе), Астана (63,8%) және Алматы қалаларында (63,2%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2025 жылғы ақпан, пайызбен 2025 жылғы қаңтар-ақпан 2024 жылғы қаңтар-ақпанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы қаңтарға 2024 жылғы ақпанға
    Қазақстан Республикасы   408 107 797 190,9 112,9 112,8 100,0
    Абай 7 144 962 339,0 102,0 112,7 1,8
    Ақмола 15 021 122 173,6 350,7 295,7 3,7
    Ақтөбе 16 763 281 160,8 106,0 105,5 4,1
    Алматы 16 555 452 87,2 491,5 174,8 4,1
    Атырау 36 102 218 96,1 24,5 30,9 8,8
    Батыс Қазақстан 17 691 150 231,4 109,5 125,2 4,3
    Жамбыл 13 857 355 104,2 99,6 113,7 3,4
    Жетісу 10 742 565 686,4 163,4 167,0 2,6
    Қарағанды 23 755 429 272,9 112,3 115,1 5,8
    Қостанай 27 110 776 447,3 185,8 177,2 6,6
    Қызылорда 10 223 407 96,4 242,6 197,2 2,5
    Маңғыстау 29 001 745 242,9 305,0 292,3 7,1
    Павлодар 12 982 674 238,9 125,3 131,6 3,2
    Солтүстік Қазақстан 4 380 890 209,3 128,8 126,0 1,1
    Түркістан 19 245 104 631,0 121,8 117,5 4,7
    Ұлытау 5 783 264 117,2 68,5 88,0 1,4
    Шығыс Қазақстан 20 655 159 163,7 129,4 142,1 5,1
    Астана қаласы 74 785 160 163,5 159,3 163,8 18,3
    Алматы қаласы 35 058 180 305,2 189,3 163,2 8,6
    Шымкент қаласы 11 247 904 99,0 135,5 185,0 2,8
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 2455 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,8% азайып, 1933,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 1215,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 713 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 1810 мың шаршы метрді немесе 93,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 751,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпыалаңышаршыметрмен 2024 жылғы қаңтар-ақпанға пайызбен мемлекеттікменшік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар-ақпанға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 1 933 196 93,2 94 391 1 810 070 751 515 104,9 28 735
    Абай 13 825 49,1 - 13 825 6 418 97,8 -
    Ақмола 47 859 49,9 - 47 736 42 125 100,2 x
    Ақтөбе 96 323 97,5 1 480 94 843 60 003 117,9 -
    Алматы 102 143 76,4 - 102 143 87 137 117,0 -
    Атырау 61 234 92,9 - 61 234 59 949 93,6 -
    БатысҚазақстан 70 298 125,9 1 476 68 822 33 394 91,5 -
    Жамбыл 80 836 103,9 - 80 836 70 902 138,8 -
    Жетісу 28 529 71,4 - 28 529 21 439 118,4 -
    Қарағанды 38 250 43,3 - 38 250 6 682 88,1 -
    Қостанай 55 523 51,9 - 55 523 20 424 87,3 -
    Қызылорда 110 974 103,9 6 213 104 761 84 003 88,5 -
    Маңғыстау 52 997 103,9 - 52 997 25 128 62,2 -
    Павлодар 28 071 112,7 - 28 071 24 759 99,4 -
    Солтүстік Қазақстан 12 954 113,4 - 12 954 12 430 130,9 -
    Түркістан 84 861 98,9 - 84 861 68 005 94,8 -
    Ұлытау 4 161 340,0 3 409 752 752 61,4 -
    Шығыс Қазақстан 11 200 102,3 - 11 200 11 200 102,3 -
    Астана қаласы 473 540 70,9 63 066 410 474 10 675 247,7 -
    Алматы қаласы 452 876 186,1 18 747 405 517 77 051 109,3 x
    Шымкент қаласы 106 742 135,1 - 106 742 29 039 215,7 -

    2025 жылғы қаңтар-ақпанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 15890 оқу орнына арналған 11 жалпы білім беретін мектеп, 904 орынға арналған 4 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 110 келіп-кетушіге арналған 3 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші