2024 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (17,3%) мен имараттар (13%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2024 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,1%) мен автомобиль жолдары (17,9%) және тұрғын үйлердің (14%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (62%), Қарағанды (40,7%), Жетісу (39,1%), Түркістан 31%), Шығыс Қазақстан (26,6%), Солтүстік Қазақстан (26,2%), Ұлытау (23%), Абай (22,8%), Алматы (20,6%) облыстарында, Шымкент (25,5%) және Астана (25,3%) қалаларында байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2024 жылғы қараша, пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-қараша 2023 жылғы қаңтар-қарашаға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2024 жылғы қазанға | 2023 жылғы қарашаға | ||||
| Қазақстан Республикасы | 6 852 648 228 | 109,1 | 111,7 | 110,3 | 100,0 |
| Абай | 245 201 600 | 88,8 | 86,7 | 122,8 | 3,6 |
| Ақмола | 260 953 457 | 107,5 | 131,8 | 113,8 | 3,8 |
| Ақтөбе | 308 949 697 | 89,2 | 114,3 | 117,2 | 4,5 |
| Алматы | 307 024 765 | 106,8 | 104,8 | 120,6 | 4,5 |
| Атырау | 679 970 936 | 93,9 | 42,7 | 60,8 | 9,9 |
| Батыс Қазақстан | 264 732 930 | 128,2 | 100,4 | 102,7 | 3,9 |
| Жамбыл | 239 318 892 | 199,6 | 81,0 | 118,0 | 3,5 |
| Жетісу | 262 807 299 | 130,9 | 183,4 | 139,1 | 3,8 |
| Қарағанды | 566 204 088 | 92,1 | 204,8 | 140,7 | 8,3 |
| Қостанай | 244 996 508 | 140,9 | 118,0 | 114,1 | 3,6 |
| Қызылорда | 224 482 890 | 150,6 | 321,2 | 162,0 | 3,3 |
| Маңғыстау | 259 570 425 | 65,5 | 79,7 | 94,5 | 3,8 |
| Павлодар | 317 797 146 | 119,6 | 106,4 | 115,2 | 4,6 |
| Солтүстік Қазақстан | 160 688 425 | 110,1 | 115,8 | 126,2 | 2,3 |
| Түркістан | 379 170 894 | 153,9 | 127,6 | 131,0 | 5,5 |
| Ұлытау | 110 529 072 | 51,3 | 58,1 | 123,0 | 1,6 |
| Шығыс Қазақстан | 329 133 961 | 136,1 | 179,2 | 126,6 | 4,8 |
| Астана қаласы | 870 718 770 | 115,3 | 128,9 | 125,3 | 12,7 |
| Алматы қаласы | 579 092 975 | 100,5 | 123,2 | 110,6 | 8,5 |
| Шымкент қаласы | 241 303 498 | 120,8 | 118,0 | 125,5 | 3,5 |
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-қарашада пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18986,3 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,3% өсіп, 16317,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 10191,3 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5968,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 14913,5 мың шаршы метрді немесе 91,4%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 6327,2 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 16 317 235 | 108,3 | 1 116 882 | 14 913 496 | 6 327 218 | 105,4 | 286 857 |
| Абай | 306 917 | 107,7 | 36 412 | 270 505 | 90 854 | 100,8 | - |
| Ақмола | 560 988 | 95,4 | 101 725 | 455 833 | 261 288 | 85,8 | 3 430 |
| Ақтөбе | 886 413 | 89,5 | 6 521 | 879 892 | 513 207 | 76,3 | - |
| Алматы | 901 352 | 110,8 | 20 819 | 844 373 | 579 328 | 101,7 | 36 160 |
| Атырау | 628 985 | 99,5 | x | 607 666 | 438 426 | 100,0 | 13 816 |
| Батыс Қазақстан | 545 461 | 101,9 | 120 095 | 423 308 | 308 902 | 114,1 | x |
| Жамбыл | 635 664 | 104,7 | 80 181 | 555 483 | 505 268 | 99,4 | - |
| Жетісу | 283 682 | 104,4 | 56 988 | 212 884 | 153 243 | 115,5 | 13 810 |
| Қарағанды | 442 469 | 111,3 | 14 657 | 427 812 | 70 057 | 99,6 | - |
| Қостанай | 445 057 | 104,1 | 73 723 | 371 012 | 129 456 | 90,9 | x |
| Қызылорда | 810 462 | 115,3 | 46 809 | 763 653 | 712 911 | 109,6 | - |
| Манғыстау | 791 196 | 102,4 | - | 791 196 | 303 217 | 94,5 | - |
| Павлодар | 367 075 | 125,4 | 61 587 | 258 039 | 152 132 | 106,8 | 47 449 |
| Солтүстік Қазақстан | 252 529 | 105,1 | 88 243 | 164 286 | 130 161 | 109,8 | - |
| Туркістан | 1 035 044 | 121,3 | 14 128 | 1 020 916 | 904 266 | 150,5 | - |
| Ұлытау | 79 366 | 117,4 | 9 053 | 70 313 | 61 174 | 128,1 | - |
| Шығыс Қазақстан | 272 258 | 111,1 | 52 106 | 203 147 | 113 731 | 123,8 | 17005 |
| Астана қаласы | 3 648 838 | 106,4 | 258 451 | 3 319 628 | 40 246 | 82,4 | 70 759 |
| Алматы қаласы | 2 294 751 | 109,9 | - | 2 216 734 | 376 314 | 97,4 | 78 017 |
| Шымкент қаласы | 1 128 728 | 136,5 | 67 881 | 1 056 816 | 483 037 | 122,1 | 4 031 |
2024 жылғы қаңтар-қарашада білім беру және денсаулық сақтау саласында 35691 оқу орнына арналған 67 жалпы білім беретін мектеп, 2922 орынға арналған 22 мектепке дейінгі ұйымдар 670 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 1235 келіп-кетушіге арналған 36 амбулаториялық-емханалық ұйымдар пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.