Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    10,1%
    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 10,1% өсіп, 5434,2 млрд. теңгені құрады.
    90,9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,9%, шетелдік – 8,7%, мемлекеттік – 0,4% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (19,6%) мен имараттар (11,2%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,5%) мен автомобиль жолдары (17,4%) және тұрғын үйлердің (14,6%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (43,6%), Жетісу (36,5%), Қарағанды (35,2%), Түркістан (32,6%), Абай (31,6%), Ұлытау (28,2%), Алматы (27,2%), Солтүстік Қазақстан (26,6%), Жамбыл (20,6%), Шығыс Қазақстан (19,9%), Қостанай (16,8%), Павлодар (12,8%), Ақтобе (11,4%) облыстарында, Шымкент (30,6%) және Астана (21,6%) қалаларында байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2024 жылғы қыркүйек, пайызбен 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке, пайызбен   Республикалық көлемге пайызбен
    2024 жылғы тамызға 2023 жылғы қыркүйекке
    Қазақстан Республикасы 5 434 242 472 221,5 115,8 110,1 100,0
    Абай 188 586 495 300,5 153,8 131,6 3,5
    Ақмола 192 444 424 179,0 125,3 108,5 3,5
    Ақтөбе 249 174 946 209,0 112,4 111,4 4,6
    Алматы 243 790 380 182,5 201,5 127,2 4,5
    Атырау 580 689 871 217,5 78,0 67,0 10,7
    Батыс Қазақстан 215 595 788 381,3 169,5 104,6 4,0
    Жамбыл 212 352 010 462,6 148,1 120,6 3,9
    Жетісу 207 051 110 399,1 147,1 136,5 3,8
    Қарағанды 431 752 089 223,7 140,0 135,2 7,9
    Қостанай 196 228 030 322,1 154,1 116,8 3,6
    Қызылорда 173 829 654 468,9 147,3 143,6 3,2
    Маңғыстау 192 733 092 215,6 43,3 84,8 3,5
    Павлодар 256 247 782 299,3 114,3 112,8 4,7
    Солтүстік Қазақстан 135 388 716 434,5 141,9 126,6 2,5
    Түркістан 320 165 571 161,0 149,3 132,6 5,9
    Ұлытау 88 745 163 301,0 135,5 128,2 1,6
    Шығыс Қазақстан 241 153 067 100,0 69,2 119,9 4,4
    Астана қаласы 671 990 833 147,0 79,3 121,6 12,4
    Алматы қаласы 453 835 520 132,6 125,0 111,0 8,4
    Шымкент қаласы 182 487 931 224,3 143,5 130,6 3,4
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 14469,4 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,2% өсті, 12426,6 мың шаршы метрді құрады, олардан 7600,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 4709,4 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 11519,8 мың шаршы метрді немесе 92,7%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 4969,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 12 426 588 106,2 723 182 11 519 818 4 969 095 102,9 183 588
    Абай 237 102 117,4 31 715 205 387 65 482 95,1 -
    Ақмола 428 820 89,1 67 905 357 485 207 049 83,7 3 430
    Ақтөбе 599 518 91,3 1 120 598 398 309 376 72,0 -
    Алматы 777 097 108,9 7 460 733 477 517 392 95,1 36 160
    Атырау 479 112 97,0 - 477 246 347 003 101,7 x
    Батыс Қазақстан 418 512 104,1 74 579 341 875 244 239 116,2 x
    Жамбыл 513 319 102,3 67 991 445 328 413 124 99,9 -
    Жетісу 228 805 115,3 56 988 158 007 120 840 116,4 13 810
    Қарағанды 380 256 104,7 13 549 366 707 48 487 75,9 -
    Қостанай 378 746 100,9 71 464 306 960 111 371 91,6 x
    Қызылорда 646 169 104,6 - 646 169 613 431 103,4 -
    Манғыстау 713 849 101,0 - 713 849 244 432 93,6 -
    Павлодар 238 220 118,8 34 956 202 552 133 392 147,5 x
    Солтүстік Қазақстан 163 855 119,0 43 241 120 614 98 413 119,9 -
    Туркістан 788 223 117,7 14 128 774 095 678 971 138,5 -
    Ұлытау 51 499 110,6 9 053 42 446 33 307 105,6 -
    Шығыс Қазақстан 202 288 104,7 44 205 158 083 76 975 118,6 -
    Астана қаласы 2 722 660 106,4 170 776 2 508 702 31 929 86,2 43 182
    Алматы қаласы 1 682 762 103,9 - 1 604 745 313 951 90,7 78 017
    Шымкент қаласы 775 776 138,8 14 052 757 693 359 931 124,2 4 031

    2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте білім беру және денсаулық сақтау саласында 25161 оқу орнына арналған 46 жалпы білім беретін мектеп, 2010 орынға арналған 17 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 700 келіп-кетушіге арналған 23 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Ж.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші