Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,7%
    2024 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,7% өсіп, 3347,7 млрд. теңгені құрады.
    88,1%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 88,1%, шетелдік – 11,4%, мемлекеттік – 0,5% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (17,6%) мен имараттар (13,1%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 23,7%) мен автомобиль жолдары (14,9%) және тұрғын үйлердің (14,6%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (45,8%) облысында, Астана (40,7%) қаласында, Жетісу (36,3%), Шығыс Қазақстан (35,1%), Қарағанды (33,1%), Ұлытау (25,6%), Шымкент қаласында (22%), Түркістан (19%), Жамбыл (16,5%), Маңғыстау (16,2%), Алматы (15,7%), Абай (15,5%) және Солтүстік Қазақстан (14,5%) облыстарында байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2024 жылғы шілде, пайызбен 2024 жылғы қаңтар-шілде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2024 жылғы маусымға 2023 жылғы шілдеге
    Қазақстан Республикасы  3 347 698 014 57,4 109,4 108,7 100,0
    Абай 93 479 080 48,5 125,9 115,5 2,8
    Ақмола 103 823 665 126,9 128,8 102,1 3,1
    Ақтөбе 141 865 710 62,6 100,5 110,4 4,2
    Алматы 137 089 473 63,5 121,9 115,7 4,1
    Атырау 434 774 396 122,2 44,4 71,1 13,0
    Батыс Қазақстан 105 353 538 94,9 80,9 80,1 3,2
    Жамбыл 140 447 949 26,0 157,7 116,5 4,2
    Жетісу 118 523 654 78,9 147,6 136,3 3,5
    Қарағанды 252 291 574 87,7 168,3 133,1 7,6
    Қостанай 104 644 785 65,2 80,1 101,8 3,1
    Қызылорда 97 301 334 64,2 198,9 145,8 2,9
    Маңғыстау 130 219 995 33,0 94,4 116,2 3,9
    Павлодар 139 115 802 32,3 96,4 109,1 4,2
    Солтүстік Қазақстан 66 853 681 30,4 125,6 114,5 2,0
    Түркістан 198 507 073 17,0 84,2 119,0 5,9
    Ұлытау 54 818 138 78,6 153,7 125,6 1,6
    Шығыс Қазақстан 171 703 985 73,9 152,2 135,1 5,1
    Астана қаласы 448 241 486 53,2 171,4 140,7 13,4
    Алматы қаласы 300 875 655 72,8 113,4 106,0 9,0
    Шымкент қаласы 107 767 041 53,2 143,8 122,0 3,2
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 10258,1 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,2% өсті, 8914,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 5566,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 3298,7 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 8312,8 мың шаршы метрді немесе 93,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3457,7 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 8 914 401 104,2 432 501 8 312 834 3 457 704 97,9 169 066
    Абай 167 113 111,6 31 715 135 398 41 276 86,0 -
    Ақмола 276 716 79,6 41 830 231 456 147 488 78,2 3 430
    Ақтөбе 426 408 91,7 - 426 408 235 062 80,1 -
    Алматы 624 911 106,9 - 588 751 410 850 95,9 36 160
    Атырау 343 150 112,1 - 341 284 259 293 107,2 x
    Батыс Қазақстан 254 113 88,0 12 504 239 551 169 965 133,3 x
    Жамбыл 355 847 101,9 15 836 340 011 310 546 104,4 -
    Жетісу 133 956 119,5 41 732 92 224 83 420 118,9 -
    Қарағанды 317 262 121,6 10 622 306 640 39 462 83,7 -
    Қостанай 283 103 101,1 62 625 220 156 87 737 85,5 x
    Қызылорда 420 680 109,8 - 420 680 392 815 105,9 -
    Манғыстау 445 002 88,0 - 445 002 148 818 73,7 -
    Павлодар 175 566 107,3 34 956 140 610 92 355 136,9 -
    Солтүстік Қазақстан 102 739 106,3 7 945 94 794 72 958 119,1 -
    Туркістан 460 897 112,2 14 128 446 769 389 018 118,6 -
    Ұлытау 34 533 104,8 4 357 30 176 26 327 146,8 -
    Шығыс Қазақстан 146 195 105,1 44 205 101 990 42 316 88,5 -
    Астана қаласы 1 927 483 103,6 95 994 1 788 307 21 165 64,8 43 182
    Алматы қаласы 1 427 935 102,8 - 1 349 918 244 881 71,0 78 017
    Шымкент қаласы 590 792 138,7 14 052 572 709 241 952 113,6 4 031

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 11932 оқу орнына арналған 26 жалпы білім беретін мектеп, 1620 орынға арналған 14 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 525 келіп-кетушіге арналған 19 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Ж.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші