2024 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (25,2%) мен имараттар (18,3%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2024 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (23,7%) жалпы көлемге) мен тұрғын үйлердің (14,7%) және автомобиль жолдары (12,5%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Жетісу (88,7%), Қызылорда (45,2%), Қарағанды (34%), Алматы (31,8%), Ақтөбе (20,2%), Шығыс Қазақстан (13%), Туркістан (12%) облыстарында, Шымкент (30,7%) және Астана (24,2%) қалаларында байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2024 жылғы мамыр, пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-мамыр 2023 жылғы қаңтар-мамырға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2024 жылғы сәуірге | 2023 жылғы мамырға | ||||
| Қазақстан Республикасы | 1 705 009 223 | 134,4 | 100,4 | 108,1 | 100,0 |
| Абай | 36 522 320 | 122,0 | 134,8 | 109,6 | 2,1 |
| Ақмола | 44 573 284 | 344,8 | 85,5 | 104,7 | 2,6 |
| Ақтөбе | 72 310 910 | 127,1 | 99,6 | 120,2 | 4,2 |
| Алматы | 68 337 273 | 104,9 | 126,2 | 131,8 | 4,0 |
| Атырау | 345 331 542 | 85,3 | 66,0 | 85,2 | 20,3 |
| Батыс Қазақстан | 57 711 298 | 156,0 | 86,3 | 102,1 | 3,4 |
| Жамбыл | 55 403 125 | 68,4 | 72,0 | 103,4 | 3,3 |
| Жетісу | 60 214 708 | 129,1 | 144,9 | 188,7 | 3,5 |
| Қарағанды | 130 335 176 | 158,0 | 113,8 | 134,0 | 7,7 |
| Қостанай | 46 651 228 | 176,5 | 109,4 | 105,3 | 2,7 |
| Қызылорда | 42 403 973 | 180,8 | 144,5 | 145,2 | 2,5 |
| Маңғыстау | 53 199 052 | 78,1 | 129,3 | 87,6 | 3,1 |
| Павлодар | 52 828 906 | 166,3 | 87,0 | 108,0 | 3,1 |
| Солтүстік Қазақстан | 25 956 262 | 186,5 | 113,6 | 103,9 | 1,5 |
| Туркістан | 78 743 284 | 147,2 | 125,9 | 112,0 | 4,6 |
| Ұлытау | 32 059 726 | 184,1 | 124,5 | 108,9 | 1,9 |
| Шығыс Қазақстан | 87 453 132 | 137,7 | 104,0 | 113,0 | 5,1 |
| Астана қаласы | 200 509 453 | 228,2 | 123,3 | 124,2 | 11,8 |
| Алматы қаласы | 158 799 745 | 160,5 | 114,9 | 107,8 | 9,3 |
| Шымкент қаласы | 55 664 826 | 123,0 | 115,7 | 130,7 | 3,3 |
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6477,5 мың шаршы метр құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,2% өсті, 5697,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 3585,2 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 2083,1 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 5256,8 мың шаршы метрді немесе 92,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 2186,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Оның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 5 697 425 | 104,2 | 275 891 | 5 256 821 | 2 186 804 | 92,5 | 164 713 |
| Абай | 94 501 | 104,2 | 785 | 93 716 | 25 973 | 75,8 | - |
| Ақмола | 199 946 | 77,0 | 33 041 | 163 475 | 105 750 | 76,1 | 3 430 |
| Ақтөбе | 297 200 | 108,3 | - | 297 200 | 150 133 | 82,7 | - |
| Алматы | 384 490 | 96,8 | - | 348 330 | 265 841 | 88,9 | 36 160 |
| Атырау | 183 444 | 95,8 | - | 181 578 | 181 578 | 112,9 | x |
| Батыс Қазақстан | 163 173 | 78,9 | - | 161 115 | 125 453 | 133,9 | x |
| Жамбыл | 215 743 | 102,0 | 11 452 | 204 291 | 184 540 | 107,4 | - |
| Жетісу | 83 564 | 117,7 | 20 563 | 63 001 | 54 197 | 95,8 | - |
| Қарағанды | 213 723 | 102,7 | 10 622 | 203 101 | 30 612 | 85,5 | - |
| Қостанай | 175 115 | 100,1 | 50 400 | 124 715 | 52 599 | 74,6 | - |
| Қызылорда | 236 358 | 104,4 | - | 236 358 | 214 802 | 98,4 | - |
| Манғыстау | 147 769 | 63,8 | - | 147 769 | 101 249 | 89,3 | - |
| Павлодар | 92 356 | 103,6 | 58 | 92 298 | 63 833 | 150,8 | - |
| Солтүстік Қазақстан | 51 501 | 116,5 | - | 51 501 | 41 166 | 102,5 | - |
| Туркістан | 243 876 | 119,1 | 14 128 | 229 748 | 217 843 | 106,4 | - |
| Ұлытау | 19 565 | 82,2 | 4 357 | 15 208 | 11 359 | 77,0 | - |
| Шығыс Қазақстан | 101 800 | 104,6 | 44 205 | 57 595 | 31 873 | 99,4 | - |
| Астана қаласы | 1 425 227 | 117,3 | 72 228 | 1 309 817 | 14 577 | 62,9 | 43 182 |
| Алматы қаласы | 1 014 642 | 108,1 | - | 936 625 | 177 074 | 63,3 | 78 017 |
| Шымкент қаласы | 353 432 | 112,9 | 14 052 | 339 380 | 136 352 | 89,3 | - |
2024 жылғы қаңтар-мамырда білім беру және денсаулық сақтау саласында 6715 оқу орнына арналған 16 жалпы білім беретін мектеп, 1520 орынға арналған 13 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 425 келіп-кетушіге арналған 16 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.