2024 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (33,8%) мен имараттар (18,9%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,3%) жалпы көлемге) мен тұрғын үйлердің (14,9%) және автомобиль жолдары (10,9%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Жетісу (2,3 есе), Қарағанды (49,1%), Қызылорда (46,2%), Алматы (35%), Ақмола (31,4%), Ақтөбе (30,9%), Павлодар (24,6%), Шығыс Қазақстан (18,6%) Жамбыл (14%) облыстарында, Шымкент (38,7%) және Астана (26,9%) қалаларында байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2024 жылғы сәуір, пайызбен | 2024 жылғы қаңтар-сәуір 2023 жылғы қаңтар-сәуірге, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2024 жылғы наурызға | 2023 жылғы сәуірге | ||||
| Қазақстан Республикасы | 1 217 544 150 | 72,5 | 104,6 | 112,2 | 100,0 |
| Абай | 28 186 255 | 45,0 | 95,0 | 103,7 | 2,3 |
| Ақмола | 25 284 969 | 38,5 | 93,0 | 131,4 | 2,1 |
| Ақтөбе | 53 191 527 | 67,7 | 143,3 | 130,9 | 4,4 |
| Алматы | 48 800 843 | 88,9 | 139,6 | 135,0 | 4,0 |
| Атырау | 268 003 702 | 143,6 | 82,8 | 93,7 | 22,0 |
| Батыс Қазақстан | 42 851 195 | 49,5 | 64,7 | 109,1 | 3,5 |
| Жамбыл | 45 711 450 | 72,3 | 122,6 | 114,0 | 3,7 |
| Жетісу | 40 346 452 | 83,0 | 178,7 | 226,4 | 3,3 |
| Қарағанды | 86 758 894 | 69,9 | 154,2 | 149,1 | 7,1 |
| Қостанай | 34 220 968 | 57,2 | 89,4 | 104,2 | 2,8 |
| Қызылорда | 30 097 983 | 37,3 | 140,9 | 146,2 | 2,5 |
| Маңғыстау | 39 215 080 | 151,4 | 150,0 | 78,5 | 3,2 |
| Павлодар | 35 044 576 | 72,6 | 100,1 | 124,6 | 2,9 |
| Солтүстік Қазақстан | 17 942 451 | 41,6 | 89,2 | 100,6 | 1,5 |
| Туркістан | 53 670 145 | 82,8 | 103,3 | 106,9 | 4,4 |
| Ұлытау | 22 031 942 | 53,5 | 71,1 | 103,5 | 1,8 |
| Шығыс Қазақстан | 60 115 221 | 76,1 | 128,9 | 118,6 | 4,9 |
| Астана қаласы | 127 493 797 | 66,2 | 92,0 | 126,9 | 10,5 |
| Алматы қаласы | 118 793 269 | 34,0 | 115,3 | 105,7 | 9,8 |
| Шымкент қаласы | 39 783 431 | 60,9 | 139,9 | 138,7 | 3,3 |
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 5285,2 мың шаршы метр құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 5,6% өсті, 4572,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 2940,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 1606,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 4179,5 мың шаршы метрді немесе 91,4%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1675 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Оның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 4 572 115 | 105,6 | 271 534 | 4 179 549 | 1 675 017 | 90,9 | 121 032 |
| Абай | 65 069 | 108,2 | 785 | 64 284 | 19 910 | 68,8 | - |
| Ақмола | 166 439 | 78,5 | 33 041 | 129 968 | 84 384 | 74,9 | 3 430 |
| Ақтөбе | 231 696 | 113,2 | - | 231 696 | 113 713 | 92,0 | - |
| Алматы | 321 524 | 101,7 | - | 285 364 | 211 123 | 95,3 | 36 160 |
| Атырау | 143 213 | 85,4 | - | 141 347 | 141 347 | 103,1 | x |
| Батыс Қазақстан | 125 785 | 101,7 | - | 125 785 | 91 287 | 163,7 | - |
| Жамбыл | 159 669 | 102,9 | 11 452 | 148 217 | 130 117 | 105,0 | - |
| Жетісу | 65 202 | 115,3 | 20 563 | 44 639 | 39 997 | 94,9 | - |
| Қарағанды | 186 871 | 105,2 | 10 622 | 176 249 | 19 370 | 66,3 | - |
| Қостанай | 147 229 | 100,8 | 50 400 | 96 829 | 45 494 | 81,2 | - |
| Қызылорда | 181 114 | 103,9 | - | 181 114 | 159 558 | 96,0 | - |
| Манғыстау | 125 349 | 65,4 | - | 125 349 | 78 829 | 83,5 | - |
| Павлодар | 58 108 | 105,4 | 58 | 58 050 | 54 517 | 187,4 | - |
| Солтүстік Қазақстан | 40 912 | 114,9 | - | 40 912 | 34 135 | 107,2 | - |
| Туркістан | 200 394 | 121,7 | 14 128 | 186 266 | 176 409 | 107,1 | - |
| Ұлытау | 14 540 | 67,8 | - | 14 540 | 10 691 | 86,1 | - |
| Шығыс Қазақстан | 68 908 | 105,1 | 44 205 | 24 703 | 20 571 | 107,6 | - |
| Астана қаласы | 1 285 808 | 134,1 | 72 228 | 1 170 398 | 11 389 | 56,7 | 43 182 |
| Алматы қаласы | 740 533 | 88,7 | - | 704 139 | 137 595 | 55,3 | x |
| Шымкент қаласы | 243 752 | 117,7 | 14 052 | 229 700 | 94 581 | 75,3 | - |
2024 жылғы қаңтар-сәуірде білім беру және денсаулық сақтау саласында 6065 оқу орнына арналған 14 жалпы білім беретін мектеп, 1520 орынға арналған 13 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 400 келіп-кетушіге арналған 15 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.