Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қаржы секторы
Депозиттік ұйымдардың талдау шоттары
Жаңарту күні: 2026 Қазан

Депозиттік ұйымдардың талдау шоттары
ДТАС үшін қысқаша әдістеме

Байланыс тұлғасы

Абдрахманов Алмат Бахытжанович
Ақша-кредит статистикасы басқармасының бастығы
Қаржы нарығы статистикасы департаменті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z00A9G3, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 64

Телефон

8 (7172) 77-55-58

Электрондық пошта

udks@nationalbank.kz

Қамтуы, кезеңділігі және уақтылылығы

Қамту ерекшеліктері

Деректер депозиттік ұйымдардың талдамалық шоттары бойынша миллион теңгемен ұсынылады. Көрсеткіштер тізбесі Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық банктердің (екінші деңгейдегі банктердің – ЕДБ) жиынтық бухгалтерлік балансын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) бухгалтерлік балансын, оның ішінде ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (ҚР Ұлттық қоры) активтерін қамтиды.
2003 жылғы желтоқсаннан бастап 2005 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде монетарлық шолуға кредиттік серіктестіктердің шоттары енгізілді. 2006 жылғы қаңтардан бастап лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты, оның нәтижесінде кредиттік серіктестіктерге ҚРҰБ-ның өкілеттіктері қолданылмайтын болғандықтан, депозиттік ұйымдардың талдамалық шоттарынан кредиттік серіктестіктердің шоттары алып тасталды. Тарату процесіндегі банктердің шоттары депозиттік ұйымдардың талдамалық шоттарына кірмейді.
Монетарлық статистиканы жасау Халықаралық Валюта Қорының «Ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі нұсқаулық» халықаралық стандартына (ХВҚ-ның 2016 жылғы АКҚСН) сәйкес жүзеге асырылады.
Деректер мынадай санаттар бойынша ұсынылады:
Ақша агрегаттары (ай соңындағы позиция):
• M0 (айналыстағы қолма-қол ақша): депозиттік ұйымдардан тыс қолма-қол ақша ретінде айқындалады (ҚРҰБ мен ЕДБ кассаларындағы қолма-қол ақшаны шегергенде, айналыстағы ұлттық валютадағы банкноттар мен монеталар);
• M1 (тар ақша массасы): M0 агрегаты плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы аударылатын депозиттері ретінде айқындалады;
• M2: M1 агрегаты плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы басқа депозиттері және шетел валютасындағы аударылатын депозиттері;
• M3 (кең ақша массасы): M2 агрегатын плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттерін қамтиды. Жергілікті және өңірлік басқару органдарының депозиттері 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ақша агрегаттарына енгізіледі.

Ішкі және сыртқы кредит көрсеткіштері:

Орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін жалпы мемлекеттік басқару бойынша деректер ұсынылған): Үкіметтің депозиттері мен депозиттік ұйымдар алдындағы міндеттемелерін шегергендегі кредиттер, бағалы қағаздар және дебиторлық берешек бойынша жалпы талаптар.
Экономиканың қалған бөлігіне берілген ішкі кредит: банктік емес қаржы секторына, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарға, өңірлік және жергілікті басқару органдарына (2001 жылғы желтоқсаннан бастап), үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға (ҮШҚКҰ) және халыққа (үй шаруашылықтарына) қойылатын талаптарды қамтиды.
Депозиттік ұйымдардың таза сыртқы активтері (ТСА): активтер мен міндеттемелер бойынша егжей-тегжейлі бөле отырып, еркін айырбасталатын (ЕАВ) және айырбасталмайтын валюталардағы резидент еместерге қойылатын жалпы талаптар мен олардың алдындағы жалпы міндеттемелер арасындағы айырма. Сыртқы позиция ішкі позициядан резиденттік белгісі бойынша ажыратылады.
Өзге де таза ішкі активтер (ТІА): өзге қаржылық және қаржылық емес активтер, өзге міндеттемелер және капитал шоттары бойынша бөлініп көрсетіледі.
Бағалау және қайта бағалау қағидалары:
Қаржылық активтер өтеуге дейін ұсталатын инвестицияларды, сондай-ақ саудаға арналмаған қарыздар мен дебиторлық берешекті және белсенді нарықта нарықтық баға белгіленімі жоқ, әділ құнын жеткілікті дәрежеде сенімді айқындау мүмкін емес қаржылық активтерді қоспағанда, әділ құн бойынша бағаланады.
Шетел валютасында көрсетілген баптар Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы шетел валюталары бойынша сауда-саттық өткізетін жұмыс күндері күн сайын айқындалады.
АҚШ доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:30-дағы жай-күй бойынша қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа өлшенген биржалық бағамы ретінде айқындалады.
Басқа шетел валюталары бойынша теңгеге қатысты валюта айырбастаудың нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-дегі жай-күй бойынша қалыптасқан осы валюталардың АҚШ долларына қатысты бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.
Ұлттық Банк валюта айырбастаудың нарықтық бағамдарын сауда-саттық өткізілген күні Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркейді.

Кезеңділік

Ай сайын

Уақтылылық

Көрсеткіштерді қалыптастыру және жариялау ай сайын екі кезеңде жүзеге асырылады:
Алдын ала деректер: есепті айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс аптасында (11-жұмыс күні) жарияланады.
Түпкілікті деректер: сыртқы активтер бойынша түпкілікті деректерді ескере отырып, есепті айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күні жарияланады.

Жұртшылықтың қолжетімділігі

Деректерді шығару күнтізбесін алдын ала тарату.

ҚРҰБ ХВҚ-ның Деректерді таратудың арнайы стандарты (ДТАС) шеңберінде алдағы күнтізбелік жылға арналған «Статистикалық ақпаратты шығару кестесін» және «Деректерді тарату күнтізбесін» ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсында және елдік үйлестірушінің – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҚР СЖРА ҰСБ) веб-порталында алдын ала жариялайды.

Деректерді барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде ұсыну.

Монетарлық статистика барлық пайдаланушыларға ҚРҰБ интернет-ресурсында (nationalbank.kz) бір мезгілде қолжетімді және ай сайынғы «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетені» ресми басылымында жарияланады. Бұдан басқа, негізгі статистикалық көрсеткіштер «Ашық деректер» интернет-порталында (data.egov.kz) машинамен оқылатын форматта (JSON) орналастырылады.

Толықтығы

Ресми статистиканы жинаудың мерзімдері мен шарттарын, оның ішінде жекелеген респонденттер деректерінің құпиялылығын ұсыну

Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру және тарату Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы негізінде жүзеге асырылады:
• «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңы: 7 және 8-баптар ҚРҰБ-ға статистикалық қызметті жүзеге асыру (әдістемені әзірлеу, ақша-кредит статистикасын, қаржы нарығы және сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру және тарату), сондай-ақ валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау және өңдеу функцияларын бекітеді. 70-бап ҚРҰБ-ға өз функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді жеке және заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан өтеусіз алу құқығын береді және алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.
• «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы: 75-бапта банктер (әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі) қаржылық және өзге де есептілікті, оның ішінде шоғырландырылған негіздегі қаржылық және өзге де есептілікті ҚРҰБ-ның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ҚРҰБ-ға ұсынатыны белгіленген.
• «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңы: ҚРҰБ-ның мемлекеттік статистика органы ретіндегі мәртебесін реттейді (4, 13-баптар), кәсіби тәуелсіздік және құпиялылық қағидаттарын бекітеді (5-бап), алғашқы деректерді қадағалау мақсатында пайдалануға тыйым сала отырып, олардың қорғалуына кепілдік береді (8-бап), сондай-ақ дереккөздермен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу және сақтау тәртібін белгілейді (24, 25-баптар).
• «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы: резиденттікті институционалдық айқындау өлшем шарттарын регламенттейді.
Құпия деректердің қорғалуы сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңымен және ҚРҰБ-ның қорғалатын ақпараттың ішкі тізбесімен қамтамасыз етіледі. Респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді заңсыз жария еткені немесе бергені үшін лауазымды адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501-бабы бойынша әкімшілік жауаптылықта болады (50 АЕК мөлшерінде айыппұл).

Үкіметтің деректерге жарияланғанға дейінгі қолжетімділігін сәйкестендіру

ҚРҰБ-дан тыс пайдаланушылардың (мемлекеттік органдарды қоса алғанда) деректерге ресми жарияланғанға дейін қолжетімділігі жоқ.

Статистикалық жарияланымдарға қатысты министрліктердің түсініктемелерін сәйкестендіру

Өзге мемлекеттік органдар ҚРҰБ-ның статистикалық жарияланымдарына түсініктеме қоспайды.

Деректерді қайта қарау туралы ақпарат беру және әдістемедегі негізгі өзгерістер туралы алдын ала хабардар ету

Шоттар қайта жіктелген жағдайда екінші деңгейдегі банктер қайта қаралған тарихи деректерді ұсынбайды. Ай соңындағы сыртқы активтер бойынша деректерді нақтылауды және желтоқсанның соңындағы түпкілікті деректерді (қорытынды айналымдарды ескере отырып жасалатын) қоспағанда, монетарлық статистика түпкілікті болып табылады. Әдістемедегі елеулі өзгерістер туралы ақпарат пайдаланушыларға алдын ала беріледі.

САПАСЫ

Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдістеме мен дереккөздер туралы құжаттаманы тарату

Монетарлық статистиканы жасау кезінде пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипаттамасы «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетеніне» қоса берілетін әдістемелік түсініктемелерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ ҚРҰБ интернет-ресурсының «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінің «Әдістеме» кіші бөлімінде жарияланады.

Статистиканы өзара тексеруді қолдайтын және оның негізділігіне кепілдік беретін әдістеме мен дереккөздер туралы құжаттаманы тарату

Ақша-кредит статистикасы бойынша статистикалық қатарлар ҚРҰБ интернет-ресурсында орналастырылады және ай сайынғы «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетенінде» жарияланады (жылдық деректер – соңғы 5 жылдағы, айлық деректер – ағымдағы жылдағы).
Деректер мынадай бөліністе беріледі:
· орталық банктің және екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік баланстары бойынша дезагрегацияланған деректер;
· клиенттердің депозиттері;
· клиенттерге берілген кредиттер;
· депозиттер мен кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер.

Тарату форматтары:

• Ақпарат ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсында Статистика -> Ақша-кредит және банк статистикасы -> Монетарлық статистика бөлімінде машинамен оқылатын XLSX форматына жүктеп алу мүмкіндігімен кесте түрінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
• Айына 2 рет жариялау: монетарлық шолудың алдын ала деректері (бірінші жұмыс аптасында) және сыртқы активтер бойынша нақтыланған деректер (есепті айдың соңында) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
• Ай сайынғы басылымдар: «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетені» (PDF және Excel форматтары) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
• Электрондық платформалар: ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсы http://www.nationalbank.kz және «Ашық деректер» порталы data.egov.kz.

Талдау негізі, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеулер

Талдау негізі.

Монетарлық шолу ҚРҰБ-ның және коммерциялық банктердің (ЕДБ) секторлық бухгалтерлік баланстары негізінде ай сайын жасалады. 2003 жылғы желтоқсаннан бастап 2005 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде ХВҚ АКҚСН талдамалық құрылымына сәйкес монетарлық шолуға кредиттік серіктестіктердің шоттары енгізілді. 2006 жылғы қаңтардан бастап лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты, оның нәтижесінде кредиттік серіктестіктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның өкілеттіктері қолданылмайтын болғандықтан, монетарлық шолудан кредиттік серіктестіктердің шоттары алып тасталды.

Мынадай негізгі агрегаттар пайдаланылады:

Ақша агрегаттары айналыстағы қолма-қол ақшадан (М0), тар ақша массасынан (М1), кең ақша массасынан (М2) және ақша массасынан (М3) тұрады.
Секторлар бойынша дезагрегацияланған ішкі кредит: орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар, жергілікті және өңірлік басқару органдарына қойылатын талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін жалпы мемлекеттік басқару бойынша деректер ұсынылған), банктік емес қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарға қойылатын талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін деректер жалпы қаржылық емес ұйымдар бойынша ұсынылған), ҮШҚКҰ-ға қойылатын талаптар, үй шаруашылықтарына қойылатын талаптар.
Орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар толық түрде көрсетіледі – орталық Үкіметке қойылатын жалпы талаптар (кредиттер, бағалы қағаздар және өзге де дебиторлық берешек) және Үкімет алдындағы жалпы міндеттемелер (депозиттер, кредиттер және өзге де кредиторлық берешек).
Экономиканың басқа секторларына қойылатын талаптар да құралдар мен секторлар бойынша егжей-тегжейлі көрсетіледі (жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, банктік емес қаржы ұйымдарына, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарға, ҮШҚКҰ-ға және үй шаруашылықтарына қойылатын талаптар).
Депозиттік ұйымдардың таза сыртқы активтері (ТСА): еркін айырбасталатын валютадағы (ЕАВ) резидент еместерге қойылатын жалпы талаптар мен олардың алдындағы жалпы міндеттемелер және айырбасталмайтын валютадағы (АВ) өзге де таза сыртқы активтер бөлінісінде ұсынылған.
Өзге де таза ішкі активтер (ТІА): өзге қаржылық және қаржылық емес активтер, өзге міндеттемелер және капитал шоттары бөлінісінде.

Жіктеу

ХВҚ АКҚСН талаптарына сәйкес Қазақстандағы ақша-кредит статистикасы банктердің резиденттерге және резидент еместерге қатысты талаптары мен міндеттемелерін ажыратады. Қазақстан аумағында қолданылатын «резидент-резидент емес» анықтамасы басым экономикалық мүдде орталығы бөлігінде Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықта (2009 жылғы 6-басылым, ХВҚ ТБН6) жарияланған анықтамаға толық сәйкес келмейді. Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта (ТБН6) көп жағдайда институционалдық бірлік қандай да бір елде ауқымды көлемде шаруашылық қызметті және экономикалық операцияларды жүзеге асырып жатса немесе жүзеге асыруға ниеттенсе (жеке тұлғалар – кемінде бір жыл), оның экономикалық мүдде орталығы сол елде деп есептеледі.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар жеке тұлғалар, оның ішінде шетелде уақытша жүргендер немесе Қазақстан Республикасының одан тыс жерлердегі мемлекеттік қызметінде жүргендер, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, орналасқан жері ҚР-да болатын барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың орналасқан жері ҚР-да және одан тыс жерлерде болатын филиалдары мен өкілдіктері (ҚР аумағында банк қызметін жүзеге асыруға құқығы бар шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдарын қоса алғанда) резиденттер болып табылады. Бұдан басқа, ҚР-ның одан тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері резиденттер болып табылады.
«Резиденттер» ұғымында көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар резидент еместер болып табылады.
Экономиканың басқа секторларымен операциялар ХВҚ АКҚСН-ға сәйкес өзара теңгерімдейтін секторлар бойынша ҚРҰБ-ның және депозиттік ұйымдардың резиденттерге қатысты талаптары мен міндеттемелері ретінде топтастырылады: орталық (ұлттық) банк, банктік емес қаржы ұйымдары, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, орталық Үкімет, өңірлік және жергілікті басқару органдары, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКҰ), үй шаруашылықтары.

Ақша-кредит агрегаттарының анықтамасы

М0: депозиттік ұйымдардан тыс қолма-қол ақша (ҚРҰБ мен ЕДБ кассаларындағы қолма-қол ақшаны шегергенде, айналыстағы ұлттық валютадағы банкноттар мен монеталар);
М1: М0 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың (резиденттердің) ұлттық валютадағы аударылатын депозиттері ретінде айқындалады;
М2: М1 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың (резиденттердің) ұлттық валютадағы басқа депозиттері және шетел валютасындағы аударылатын депозиттері.
М3 (ақша массасы): М2 плюс банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың (резиденттердің) шетел валютасындағы басқа депозиттерін қамтиды.

Деректерді қамту

Институционалдық қамту

Монетарлық шолудың деректері ҚРҰБ-ның және коммерциялық банктердің (ЕДБ) бухгалтерлік баланстарына негізделеді. ҚРҰБ мен ЕДБ-ның бухгалтерлік баланстары Қазақстанда орналасқан бас кеңселер мен филиалдардың шоттарын қамтиды.
Орталық банктің шолуы: ҚРҰБ-ның Астана қаласындағы бас кеңсесінің және оның филиалдарының шоғырландырылған шоттарын қамтиды. ҚРҰБ-ның еншілес ұйымдарының шоттары ҚРҰБ-ның шоғырландырылған бухгалтерлік балансына енгізіледі, бірақ ҚРҰБ-ның монетарлық шолуына енгізілмейді.
ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы ҚР Ұлттық қорының активтері ҚРҰБ-ның бухгалтерлік балансына енгізілмейді, бірақ ашықтықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ-ның монетарлық шолуында ТСА-да жеке жолмен, міндеттемелер бөлігінде өзге де таза ішкі активтер (ТІА) бабы бойынша теңгерімдеуші жазбамен енгізіледі.
ҚРҰБ-ның және коммерциялық банктердің (ЕДБ) бухгалтерлік баланстары Қазақстанда орналасқан бас кеңселер мен филиалдардың шоттарын қамтиды. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңында көзделген резиденттіктің заңнамалық анықтамасына сәйкес ЕДБ-ның Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан филиалдарының шоттары да олардың есептілігіне енгізіледі. Тарату процесіндегі банктердің шоттары депозиттік ұйымдардың талдамалық шоттарына кірмейді.

Негізгі деректердің сипаттамалары

Деректер көздері

Монетарлық шолуды жасау үшін ҚРҰБ мен ЕДБ-ның ай сайынғы бухгалтерлік баланстары негіз болып табылады. Коммерциялық банктер ҚРҰБ-ға ай сайын егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстарды және әкімшілік есептілік нысандарын ұсынады. Баланстық шоттар контрагенттердің резиденттік белгісі бойынша сыртқы және ішкі активтерге/міндеттемелерге, ал ішкі активтер/міндеттемелер – экономика секторлары мен қаржы құралдары бойынша топтастырылады.

Жасау практикасы

Бағалау/іріктеу

Банктер өздерінің егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстарын ҚРҰБ-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
Егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстардың деректері ҚРҰБ-ның ақпараттық жүйесі арқылы кредиттер мен депозиттер бойынша қосымша ақпаратпен автоматтандырылған өзара салыстырып тексеруге жатады, ал жүйе қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған кезде қателер хаттамасын қалыптастырады. ҚРҰБ егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстар бойынша деректерді алады және депозиттік ұйымдардың монетарлық шолуын жасау және ақша агрегаттарын есептеу үшін шоттарды топтастырады.
ҚРҰБ мен ЕДБ-ның монетарлық шолуын жасау үшін олардың ай сайынғы егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстары негіз болып табылады, олардың негізінде шолу тұрақты ай сайынғы негізде қалыптастырылады және жарияланады.
Жыл соңындағы деректер екі рет ұсынылады.
• Желтоқсанның соңындағы алдын ала деректер: ағымдағы бухгалтерлік баланс негізінде қалыптастырылады және қорытынды рәсімдер аяқталғанға дейін депозиттік ұйымдардың шолуын жасау үшін пайдаланылады.
• Желтоқсанның соңындағы түпкілікті (қорытындыланған) деректер: қорытынды айналымдарды және жыл соңындағы деректердің қаржылық аудитінің белгіленген қағидаларын ескере отырып, кейінірек жасалады және қорытындыланады.

Орталық банктің талдау шоттары
Жаңарту күні: 2026 Қазан

Орталық банктің талдау шоттары
ДТАС үшін қысқаша әдістеме

Байланыс тұлғасы

Абдрахманов Алмат Бахытжанович
Ақша-кредит статистикасы басқармасының бастығы
Қаржы нарығы статистикасы департаменті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z00A9G3, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 64

Телефон

8 (7172) 77-55-58

Электрондық пошта

udks@nationalbank.kz

Қамтуы, кезеңділігі және уақтылылығы

Қамту ерекшеліктері

Деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) бухгалтерлік балансы негізінде қалыптастырылатын ҚРҰБ талдамалық шоттары бойынша миллион теңгемен ұсынылады. ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (ҚР Ұлттық қоры) активтері орталық банктің талдамалық шоттарына енгізіледі.
ҚРҰБ-да монетарлық статистиканы қалыптастыру әдістемесіне сәйкес ҚРҰБ-ның монетарлық шолуы үш негізгі бөлімнен тұрады: сыртқы активтер, ішкі активтер және пассивтер.
Деректер мынадай көрсеткіштер бойынша таратылады:
Таза сыртқы активтер (ТСА): ҚРҰБ-ның резидент еместерге қатысты талаптары мен міндеттемелері арасындағы айырманы көрсетеді және мыналарды қамтиды: таза халықаралық резервтер (жалпы халықаралық активтер мен еркін айырбасталатын валютадағы (ЕАВ) сыртқы міндеттемелер арасындағы айырма); ҚР Ұлттық қорының активтері; өзге де таза сыртқы активтер.
Ішкі активтер: мыналарды қамтиды: орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар; ҚРҰБ-ның шығарылған ноталар бойынша міндеттемелерін шегергендегі екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) қойылатын талаптар; банктік емес қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар; экономиканың қалған бөлігіне (мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдарға және үй шаруашылықтарына) қойылатын талаптар; өзге де таза ішкі активтер (өзге міндеттемелер мен капитал шоттарын шегергендегі өзге қаржылық және қаржылық емес активтер).
Пассивтер (ішкі міндеттемелер): мыналарға бөлінеді: Резервтік ақша (ақша базасы): ҚРҰБ айналысқа шығарған қолма-қол ақша (ҚРҰБ кассаларындағы қолма-қол ақшаны қоспағанда), ЕДБ-ның аударылатын және басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын депозиттері және мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың ҚРҰБ-дағы ұлттық валютадағы (теңгедегі) ағымдағы шоттары. Ақша базасына кірмейтін міндеттемелер: шетел валютасындағы ағымдағы шоттар және қаржылық емес ұйымдардың басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйымдарының және тарату процесіндегі ЕДБ-ның басқа депозиттері, резиденттердегі ҚРҰБ ноталары (ЕДБ мен орталық Үкіметтегі ноталарды қоспағанда), кредиттер (кері сатып алу келісімдері бойынша операциялар – РЕПО), қаржы деривативтері бойынша міндеттемелер.

Кезеңділік

Ай сайын

Уақтылылық

ҚРҰБ шолуының көрсеткіштерін қалыптастыру және ресми интернет-ресурста жариялау ай сайын екі кезеңде жүзеге асырылады:
Алдын ала деректер: макроэкономикалық жағдайды жедел бағалау үшін ҚРҰБ-ның бухгалтерлік балансының деректері негізінде есепті айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс аптасында (7-жұмыс күні) жарияланады.
Нақтыланған деректер: сыртқы басқарушылардың есептері негізінде ҚРҰБ-ның сыртқы басқарудағы активтері бойынша түзетулерді ескере отырып, есепті айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күні жарияланады.

Жұртшылықтың қолжетімділігі

Деректерді шығару күнтізбесін алдын ала тарату.

ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсында (nationalbank.kz) және статистика жөніндегі елдік үйлестірушінің – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҚР СЖРА ҰСБ) веб-порталында Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Деректерді таратудың арнайы стандарты (ДТАС) шеңберінде алдағы күнтізбелік жылға арналған «Статистикалық ақпаратты шығару кестесі» және «Деректерді тарату күнтізбесі» алдын ала жарияланады.

Деректерді барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде ұсыну.

ҚРҰБ-ның талдамалық шоттары ҚРҰБ интернет-ресурсының «Ақша-кредит және банк статистикасы» кіші бөлімінде және ай сайынғы «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетені» ресми басылымында барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде жарияланады. Негізгі көрсеткіштер сондай-ақ «Ашық деректер» интернет-порталында (data.egov.kz) машинамен оқылатын форматта (JSON) орналастырылады.

Толықтығы

Ресми статистиканы жинаудың мерзімдері мен шарттарын, оның ішінде жекелеген респонденттер деректерінің құпиялылығын ұсыну

Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру және тарату Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы негізінде жүзеге асырылады:
• «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңы: 7, 8-баптар ҚРҰБ-ға статистикалық қызметті жүзеге асыру, статистикалық әдістемені әзірлеу, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату, сондай-ақ валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау және өңдеу функцияларын бекітеді. 70-бап ҚРҰБ-ға өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан өтеусіз алу құқығын береді. Бұл ретте алынған ақпарат жария етілуге жатпайды.
• «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңы: ҚРҰБ-ның мемлекеттік статистика органы ретіндегі мәртебесін реттейді (4, 13-баптар), кәсіби тәуелсіздік және құпиялылық қағидаттарын бекітеді (5-бап), алғашқы деректерді қадағалау мақсатында пайдалануға тыйым сала отырып, олардың қорғалуына кепілдік береді (8-бап), сондай-ақ дереккөздермен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу және сақтау тәртібін белгілейді (24, 25-баптар).
• «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы: резиденттікті институционалдық айқындау өлшемшарттарын регламенттейді.
• Құпия деректердің қорғалуы сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңымен және ҚРҰБ-ның қорғалатын ақпараттың ішкі тізбесімен қамтамасыз етіледі. Респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді заңсыз жария еткені немесе бергені үшін лауазымды адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501-бабы бойынша әкімшілік жауаптылықта болады.

Үкіметтің деректерге жарияланғанға дейінгі қолжетімділігін сәйкестендіру

ҚРҰБ-дан тыс пайдаланушылардың (мемлекеттік органдарды қоса алғанда) деректерге ресми жарияланғанға дейін қолжетімділігі жоқ.

Статистикалық жарияланымдарға қатысты министрліктердің түсініктемелерін сәйкестендіру

Өзге мемлекеттік органдар ҚРҰБ-ның статистикалық жарияланымдарына түсініктеме қоспайды.

Деректерді қайта қарау туралы ақпарат беру және әдістемедегі елеулі өзгерістер туралы хабардар ету

Ұлттық Банк жариялайтын ҚРҰБ-ның монетарлық шолуының деректері түпкілікті болып табылады, есепті айдың басында алдын ала деректер бойынша және есепті айдың соңында нақтыланған деректер бойынша жарияланатын халықаралық резервтер мен ҚР Ұлттық қорының сыртқы активтері жөніндегі ақпаратты қоспағанда. Әдістемедегі елеулі өзгерістер туралы ақпарат әдістемелік түсініктемелерде және/немесе жарияланатын кестелерге ескертпелерде беріледі.

САПАСЫ

Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдістеме мен дереккөздер туралы құжаттаманы тарату

Монетарлық статистиканы жасау кезінде пайдаланылатын әдістемесінің қысқаша сипаттамасы «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетеніне» қоса берілетін әдістемелік түсініктемелерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ ҚРҰБ интернет-ресурсының «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінің «Әдістеме» кіші бөлімінде жарияланады.

Статистиканы өзара тексеруді қолдайтын және оның негізділігіне кепілдік беретін әдістеме мен дереккөздер туралы құжаттаманы тарату

ҚРҰБ-ның монетарлық шолуы ХВҚ әдістемесіне (ХВҚ-ның 2016 жылғы Ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі нұсқаулығы – ХВҚ АКҚСН; ХВҚ-ның 2008 жылғы Ақша-кредит және қаржы статистикасын жасау жөніндегі анықтамалығы) сәйкес жасалады.
Монетарлық шолу ай сайын ҚРҰБ интернет-ресурсында, «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетені» ресми басылымында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның баспасөз релиздерінде таратылады. «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінде жарияланатын ҚРҰБ-ның жалпы халықаралық резервтері бойынша деректер «Сыртқы сектор статистикасы» бөлімінде жарияланатын халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік жөніндегі ақпаратпен келісілген.

Тарату форматтары:

• Ақпарат ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсында Статистика -> Ақша-кредит және банк статистикасы -> Монетарлық статистика -> Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлық шолуы бөлімінде машинамен оқылатын XLSX форматына жүктеп алу мүмкіндігімен кесте түрінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
• Ай сайынғы басылымдар: «ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетені» (PDF және Excel форматтары) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
• Электрондық платформалар: ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсы www.nationalbank.kz және «Ашық деректер» порталы data.egov.kz.

Талдау негізі, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеулер

Талдау негізі.

ҚРҰБ-ның талдамалық шоттары ҚРҰБ-ның бухгалтерлік балансына және ҚРҰБ басқаратын ҚР Ұлттық қоры активтерінің балансына негізделеді.
ҚРҰБ-ның монетарлық шолуының деректері мыналарды қамтиды:
· ҚРҰБ-дан тыс қолма-қол ақшадан, коммерциялық банктердің (ЕДБ) депозиттерінен, банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын депозиттерінен, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың ұлттық валютадағы ағымдағы шоттарынан қалыптасатын ақша базасы (резервтік ақша);
· орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар (2001 жылғы желтоқсанға дейін деректер бөлінбестен, жалпы мемлекеттік басқару бойынша тұтастай ұсынылған);
· банктерге, банктік емес қаржы ұйымдарына және үй шаруашылықтарына қойылатын талаптарды қамтитын экономиканың қалған бөлігіне берілген ішкі кредит;
· ҚРҰБ-ның шетелдік активтері мен шетелдік міндеттемелері (ҚРҰБ басқаратын ҚР Ұлттық қорының шетелдік активтерін қоса алғанда);
· өзге де таза ішкі активтер (ТІА) (өзге қаржылық активтерді, қаржылық емес активтерді, өзге міндеттемелерді және капитал шоттарын қамтиды).

Жіктеу

ХВҚ АКҚСН талаптарына сәйкес Қазақстандағы ақша-кредит статистикасы банктердің резиденттерге және резидент еместерге қатысты талаптары мен міндеттемелерін ажыратады. Қазақстан аумағында қолданылатын «резидент-резидент емес» анықтамасы басым экономикалық мүдде орталығы бөлігінде Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықта (2009 жылғы 6-басылым, ХВҚ ТБН6) жарияланған анықтамаға толық сәйкес келмейді. Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта (ТБН6) көп жағдайда институционалдық бірлік қандай да бір елде ауқымды көлемде шаруашылық қызметті және экономикалық операцияларды жүзеге асырып жатса немесе жүзеге асыруға ниеттенсе (жеке тұлғалар – кемінде бір жыл), оның экономикалық мүдде орталығы сол елде деп есептеледі.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар жеке тұлғалар, оның ішінде шетелде уақытша жүргендер немесе Қазақстан Республикасының одан тыс жерлердегі мемлекеттік қызметінде жүргендер, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, орналасқан жері ҚР-да болатын барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың орналасқан жері ҚР-да және одан тыс жерлерде болатын филиалдары мен өкілдіктері (ҚР аумағында банк қызметін жүзеге асыруға құқығы бар шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдарын қоса алғанда) резиденттер болып табылады. Бұдан басқа, ҚР-ның одан тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері резиденттер болып табылады.
«Резиденттер» ұғымында көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар резидент еместер болып табылады.
Экономиканың басқа секторларымен операциялар ХВҚ АКҚСН-ға сәйкес өзара теңгерімдейтін секторлар бойынша ҚРҰБ-ның және депозиттік ұйымдардың резиденттерге қатысты талаптары мен міндеттемелері ретінде топтастырылады: орталық (ұлттық) банк, банктік емес қаржы ұйымдары, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар, мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, орталық Үкімет, өңірлік және жергілікті басқару органдары, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКҰ), үй шаруашылықтары. Ерекшелік: ҚРҰБ шолуында кейбір талаптар секторлар бойынша толық жіктелмеген («ҚРҰБ-ның Статистикалық бюллетенінде» олар «экономиканың өзге секторларына қойылатын талаптар» бабы бойынша көрсетіледі).

Деректерді қамту

Институционалдық қамту

Орталық банктің шолуы ҚРҰБ-ның Астана қаласындағы бас кеңсесінің және оның филиалдарының шоғырландырылған шоттарын қамтиды. ҚРҰБ-ның еншілес ұйымдарының шоттары ҚРҰБ-ның шоғырландырылған бухгалтерлік балансына енгізіледі, бірақ ҚРҰБ-ның монетарлық шолуына енгізілмейді.
ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы ҚР Ұлттық қорының активтері ҚРҰБ-ның бухгалтерлік балансына енгізілмейді, бірақ ашықтықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ-ның монетарлық шолуында ТСА-да жеке жолмен, міндеттемелер бөлігінде өзге де таза ішкі активтер (ТІА) бабы бойынша теңгерімдеуші жазбамен енгізіледі.
ҚРҰБ-ның және коммерциялық банктердің (ЕДБ) бухгалтерлік баланстары Қазақстанда орналасқан бас кеңселер мен филиалдардың шоттарын қамтиды. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңында көзделген резиденттіктің заңнамалық анықтамасына сәйкес ЕДБ-ның Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан филиалдарының шоттары да олардың есептілігіне енгізіледі.

Бухгалтерлік есеп ережесі

Есеп практикасы

ҚРҰБ-да қаржылық активтер қолданылатын бухгалтерлік есеп қағидаларына және ҚРҰБ-ның есеп саясатына сәйкес бағаланады.
Бағалы қағаздар бухгалтерлік есепте оларды жіктеу мен бағалауға қойылатын талаптарға сәйкес көрсетіледі. Бағалы қағаздарды қайта бағалау олардың ағымдағы құны мен нарықтық баға белгіленімдерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Капиталға инвестициялар салу мақсатында сатып алынатын бағалы қағаздар қабылданған есеп саясаты бойынша есепке алынады.
Арнайы және жалпы резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қаржы жылының соңында немесе қорытынды айналымдар кезеңінде банктік және банктік емес активтерді жыл сайынғы түгендеу нәтижелері бойынша ҚРҰБ-ның тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының шешімі негізінде ҚРҰБ-ның шығыстары есебінен күмәнді банктік және банктік емес активтерге және ҚРҰБ-ның ықтимал залалдарына арнайы резервтер, ал ҚРҰБ-ның бөлінбеген таза табысы есебінен жалпы резервтер құрылады.

Шетел валютасында номинирленген құралдарды бағалау.

Шетел валютасында көрсетілген баптар Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы шетел валюталары бойынша сауда-саттық өткізетін жұмыс күндері күн сайын айқындалады.
АҚШ доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:30-дағы жай-күй бойынша қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа өлшенген биржалық бағамы ретінде айқындалады.
Басқа шетел валюталары бойынша теңгеге қатысты валюта айырбастаудың нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-дегі жай-күй бойынша қалыптасқан осы валюталардың АҚШ долларына қатысты бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.
Ұлттық Банк валюта айырбастаудың нарықтық бағамдарын сауда-саттық өткізілген күні Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркейді.

Негізгі деректердің сипаттамалары

Деректер көздері.

ҚРҰБ-ның талдамалық шоттары ҚРҰБ-ның бухгалтерлік балансына негізделеді. ҚРҰБ басқаратын ҚР Ұлттық қорының активтері жеке бухгалтерлік баланста есепке алынады, бірақ ҚРҰБ шолуында ТСА-да жеке жолмен және ТІА бабы бойынша теңгерімдеуші жазбамен енгізіледі.

Жасау практикасы

ҚРҰБ-ның монетарлық шолуын жасау үшін оның ай сайынғы егжей-тегжейлі бухгалтерлік баланстары негіз болып табылады, олардың негізінде шолу тұрақты ай сайынғы негізде қалыптастырылады және жарияланады.