Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап
жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға
дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен
жүзеге асырылады.
Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
Қызмет нәтижесі
Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште ұсыну; мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген;
4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу
Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.
Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.
Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.
Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.
! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.
! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.
Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Қызмет мемлекеттік статистика саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі
9 жұмыс күні
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Дереккөз: ҚР ӘРПК