Қандай дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алуға болады?
Статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректерді сәйкестендірілмеген түрінде алуға болады.
Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде қалай алады?
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық
қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға «Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларымен» сәйкес жол беріледі.
Өтінім «
Пайдаланушы кабинеті» арқылы
қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды
қоса беріп отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады:
-
зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің
нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;
-
зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім
(Қосымша 1);
-
алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу
туралы міндеттемесі (Қосымша 2);
-
ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі
(мемлекеттік лицензияның және білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалардың көшірмелері
немесе аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі; қазақстандық ғалымдардың ұсыныс хаты және халықаралық
дерекқордағы сәйкестендіру туралы анықтама).
Зерттеушілер жұмыс аяқталғаннан кейін Бюроның www.stat.gov.kz.
Интернет-ресурсында орналастыру үшін зерттеу нәтижесін ұсыну керек