Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды алу нұсқаулығы
Қандай дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алуға болады?

Статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректерді сәйкестендірілмеген түрінде алуға болады.

Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалай алады?

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға «Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларымен» сәйкес жол беріледі.

Өтінім «Пайдаланушы кабинеті» арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады:
  1. зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;
  2. зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім (Қосымша 1);
  4. алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемесі (Қосымша 2);
  5. ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының ұйымдары үшін білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның және лицензияға қосымшалардың немесе аккредиттеу туралы куәлік, және халықаралық ұйымдар үшін жарғы).
Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде алуға өтінімді бере алады:
  1. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдар;
  2. Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдар;
  3. ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын халықаралық ұйымдар.

Ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор беріледі немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Физикалық Зертеуші кабинеттері келесі мекен-жайларда орналасқан:

  • Астана қаласы Желтоксан көшесі 22, 303 кабинет
  • Алматы қаласы Абай даңғылы 125, 201 кабинет

Зерттеушілер жұмыс аяқталғаннан кейін Бюроның www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында орналастыру үшін зерттеу нәтижесін ұсыну керек

Онлайн кеңесші