Статистикалық көрсеткіштің атауы
Суды пайдалану
Өлшем бірлігі
Экономикалық қызмет түрлері бойынша су тұтынудың жалпы көлемі мен су тұтыну көлемі жылына миллион текше метрмен өлшенеді; ЖІӨ бірлігіне су тұтынудың жалпы көлемі халықаралық долларға шаққанда текше метрмен көрсетіледі (2021 жылғы сатып алу қабілеті паритетінің тұрақты бағаларында).
Көрсеткіш тарихы
2000 жылдан бастап
Көрсеткіштің анықтамасы
Көрсеткіш әртүрлі көздерден алынатын тұщы судың мөлшерін (бөлінген тұщы судың, тұщыландырылған судың, қайта пайдаланылатын судың мөлшері, судың таза импорты) және оны халықтың, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да экономикалық қызмет түрлерінің мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында пайдалануды айқындайды.
Есептеу әдістемесі
Есеп айырысулар "суды алу, пайдалану және су бұру туралы есеп"2-ТП водхоз ведомстволық статистикалық нысаны негізінде орындалды. Көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы шаруашылық-ауыз су және халықтың басқа да мұқтаждарын (кәсіпорын қызметкерлерін қоса алғанда) қанағаттандыру үшін пайдаланылатын судың көлемі ретінде есептеледі. Тұрмыстық су тұтыну көлемі, ең алдымен, орталықтандырылған сумен жабдықтау желілері арқылы берілетін су көлемін өлшеу жолымен айқындалады. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алмайтын халықтың су тұтынуы есептеу жолымен айқындалады. Жан басына шаққандағы тұрмыстық су тұтыну су тұтыну көлемін тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі. Көрсеткішті анықтау үшін халықты сумен қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері және жергілікті билік органдарының деректері пайдаланылады.
Көрсеткіштің дереккөзі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі тұщы суды алу жөніндегі деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган болып табылады
Соңғы жаңарту күні
31.07.2026
Келесі жаңарту күні
31.07.2027
Жауапты құрылымдық бөлімше
Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
Жауапты орындаушы
Пистун Кристина
Байланыс телефоны
74-93-11, 74-93-07
Электрондық почта
k.pustun@aspire.gov.kz