Ашық деректерді түгендеу (The Open Data Inventory - ODIN) олқылықтарды анықтау, ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетілімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар (ҰСБ) мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынтыландыру үшін ресми статистиканың қамтуы мен ашықтығын бағалайды.
ODIN-де бағаланған деректер ұлттық статистика басқармасының (ҰСБ) веб-сайтында немесе ҰСБ-ның веб-сайтынан сілтеме жасалған елдің кез келген басқа ресми веб-сайтында жарияланған ел бойынша ресми деректер болуы керек.
2024 жылғы ODIN рейтингі 198 елді қамтиды, ал Қазақстан 72 ұпаймен 44-орынға ие болды. Жалпы ұпай деректердің қамтылуы бойынша 74 және деректердің ашықтығы бойынша 70 баллдан тұратын біріктірілген көрсеткіш болып табылады.
ODIN сарапшыларының ұсыныстарымен жүргізілген жұмыстың арқасында 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда Қазақстан позициясын жақсартты (2022 жыл – 195 елдің ішінде 51-орын, жалпы ұпай 63 ұпай).
Екі құрамдас бойынша да көрсеткіштер жақсарды: мүмкін болатын 100 ұпайдан «Қол жеткізу» (50-ден 74-ке дейін) және «Ашықтық» (55-тен 70-ке дейін). Әсіресе, «Қамту» көрсеткіші бойынша Қазақстан жоғары нәтиже көрсетіп, 198 елдің ішінде 14-орынды иеленді.
Сонымен қатар, екі бағыт бойынша да, деректермен қамту және деректердің ашықтығы бойынша, жақсартуды талап ететін бірқатар мәселелер әлі де бар.
Қазақстан бойынша толығырақ ақпарат мына сілтемеде орналастырылған: https://odin.opendatawatch.com/Report/countryProfileUpdated/KAZ?year=2022 .