Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2023 жыл ЖІӨ көрсеткіші 5,1% өсті
31.07.2024
2023 жыл ЖІӨ көрсеткіші 5,1% өсті
Есепті деректерге сәйкес өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2023 жылы 105,1%. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,2%, қызметтердікі – 56,4% құрайды.
Ең жоғары өсімді көлік және қойма – 117%, құрылыс – 115,1%, ақпарат және байланыс – 108,5% салалары көрсетті.
ЖІӨ-нің нақты көлем индексіне көтерме және бөлшек сауда салалары, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 1,32%, өнеркәсіп – 1,27%, құрылыс – 0,8%, Көлік және қоймалау-0,8% салаларының салымы жоғары болды.







ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Жарияланымды қарау

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші