Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Екі жақты және көпжақты ынтымақтастық
Екі жақты және көпжақты ынтымақтастық

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған сәттен бастап басқа елдердің ұлттық статистикалық басқармалармен (ҰСБ), сондай-ақ халықаралық ұйымдармен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық орнату бойынша жұмыс жүргізді.

ҰСБ БҰҰ статистика бөлімінің, өңірлік статистикалық комиссиялардың (БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО), БҰҰ мамандандырылған агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ЕурАзЭО, ТМД Статкомитеті) іс-шаралары мен жұмыс топтарының қызметін қоса алғанда, халықаралық статистикалық жүйенің жұмысына белсенді қатысады.

 
ТМД Статкомитеті
Жүктеу 14 KБ
 
ЕурАзЭО
Жүктеу 13 KБ

Бюро қызметкерлері әртүрлі жұмыс топтарының мүшелері болып табылады, мысалы:

Бюро келесі елдердің ұлттық статистикалық басқармаларымен (ҰСБ) ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдер жасады: Грузия, Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Германия, Беларусь Республикасы, Латвия, Румыния, Оңтүстік Корея, Норвегия, Қырғыз Республикасы, Иран, Литва.

 
Ынтымақтастық туралы құжаттар
Жүктеу 17 KБ

Сілтемені басу арқылы басқа елдердің ұлттық статистика басқармасы туралы ақпаратты көре аласыз: Басқа елдердің ұлттық статистикалық басқармалары

Халықаралық ұйымдарға сілтемелер осында орналастырылған: Халықаралық ұйымдар

Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасуда және Бюро барлық ұлттық статистикалық басқармалармен (ҰСБ) және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастыққа ашық.

Онлайн кеңесші