Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Халықаралық іс-шаралар
Халықаралық іс-шаралар

ҰСБ БҰҰ-ның статистика бөлімінің, өңірлік статистикалық комиссиялардың (БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО), БҰҰ мамандандырылған агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың іс-шаралары мен жұмыс топтарының қызметін қоса алғанда, халықаралық статистикалық жүйенің жұмысына белсенді қатысады.

ҰСБ БҰҰ-ның статистика бөлімімен, БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО, ТМД Статкомитетімен, Дүниежүзілік банкпен және ел аумағындағы басқа серіктестермен бірлескен іс-шаралар өткізеді.

Қазақстан мен Корея Республикасы деректер және ресми статистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Корея Республикасы деректер және ресми статистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
14 қыркүйекте Сеул қаласында өткен алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
15.09.2026
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
ЭЫДҰ Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелері бойынша қорытынды есепті жариялады.
09.09.2026
Ұлттық статистика бюросы Росстат делегациясын қабылдады
Ұлттық статистика бюросы Росстат делегациясын қабылдады
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Ресей Федерациясының Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің (Росстат) бейінді басқармаларының басшылары бастаған делегациясын қабылдады.
02.09.2026
Қазақстан мен Сеул ұлттық университеті демографиялық зерттеулерді бірлесіп дамытады
Қазақстан мен Сеул ұлттық университеті демографиялық зерттеулерді бірлесіп дамытады
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен Сеул ұлттық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
31.07.2026
Бюро қызметкерлері Оңтүстік Кореядағы озық цифрлық шешімдерімен танысуда
Бюро қызметкерлері Оңтүстік Кореядағы озық цифрлық шешімдерімен танысуда
ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы бюросының делегациясы Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігінде (MODS) оқу сапарымен жүр.
29.06.2026
Қазақстан ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат комитетінің отырысына қатысты
Қазақстан ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат комитетінің отырысына қатысты
22-23 маусым күндері ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ЭЫДҰ-ның Статистика және статистикалық саясат жөніндегі комитетінің 23-отырысына қатысты.
24.06.2026
Мобильді позициялау деректерін пайдалану жөніндегі Қазақстан тәжірибесі өңірлік семинарда таныстырылды
Мобильді позициялау деректерін пайдалану жөніндегі Қазақстан тәжірибесі өңірлік семинарда таныстырылды
Алматы қаласындағы БҰҰ алаңында ресми статистиканы қалыптастыру үшін мобильді позициялау деректерін пайдалану мәселесіне арналған үш күндік өңірлік семинар өз жұмысын бастады.
22.06.2026
Қазақстан регистрлік негіздегі халық санағына дайындалуда
Қазақстан регистрлік негіздегі халық санағына дайындалуда
Астанада халық санағын регистрлер негізінде жүргізуге дайындық мәселелеріне арналған үш күндік ұлттық техникалық семинар өз жұмысын бастады.
15.06.2026
БҰҰ ЕЭК Қазақстанның статистика жүйесіндегі реформаларға және оның GAMSO стандарттарына сәйкестігіне жоғары баға берді
БҰҰ ЕЭК Қазақстанның статистика жүйесіндегі реформаларға және оның GAMSO стандарттарына сәйкестігіне жоғары баға берді
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының қызметіне жүргізілген секторалдық шолуды сәтті аяқтады.
12.06.2026
БҰҰ ЕЭК Қазақстанның ұлттық статистика жүйесіне шолу жүргізуде
БҰҰ ЕЭК Қазақстанның ұлттық статистика жүйесіне шолу жүргізуде
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) сарапшылары Ұлттық статистика бюросының қызметіне үш күндік салалық шолу жүргізуді бастады.
10.06.2026

Беттер: 1 2 3 4 5 ... 10 Келесі