Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    20 445 231
    Барлық халық– 20 445 231 адам;
    12 974 824
    Қалалық – 12 974 824 адам;
    7 470 407
    Ауылдық – 7 470 407 адам;
    9 993 079
    Ерлер – 9 993 079 адам;
    10 452 152
    Әйелдер – 10 452 152 адам.

    Қала халқының ең көп үлесін Қарағанды (82,4%), Ұлытау (79,5%) және Ақтөбе (76,2%), ал ең аз үлесін Алматы (19,4%), Түркістан (25,3%) және Жамбыл (44,2%) облыстары құрады.

    Глоссарий

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны;

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсімі (кемуі) – тірі туғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны – қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалау соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы – қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы – ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Айтбайқызы
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: ai.kanasheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс