Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    877 117,1 млн.
    2025 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарымен қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 877117,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде 35,4% - бюджет есебінен, 34,6 % - ӘлМСҚ қаражат есебінен, 20,6% - халықтан түскен қаражат есебінен, 9,4% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    606 951,2 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олар 440981,5 млн. теңге (50,3%) сомасында қызмет көрсетті. Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметті жүргізетін ұйымдар 142965,4 млн. теңге (16,3%) сомасында қызмет көрсетті және жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 141615,6 млн. теңге (16,1%) сомасында.
    56 617,3 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін стоматологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 56617,3 млн. теңге (6,5%) сомасында және арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 50734,7 млн. тенге (5,8%) сомасында, тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 31959,9 млн. теңге (3,6%) сомасында, тұруды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 12242,2 млн. теңге (1,4%) сомасында қызмет көрсетті.
    60,5%
    2025 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша қызметтіңнегізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 60,5% мемлекеттік меншік ұйымдары, 36,4% жеке меншік ұйымдары және 3,1% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    497 560,1 млн.
    Есепті кезеңде қызметтің негізгі түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 497560,1 млн. теңгені (56,7%), шағын кәсіпорындар – 230998,4 млн. теңгені (26,4%) және орта кәсіпорындар – 148558,6 млн. теңгені (16,9%) құрады.
    Динамика
    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі
    мың теңге
    Барлығы I тоқсан
    2024 2025
    Денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 719 830 751 832 323 378
    Тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 26 767 568 31 869 202
    Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 7 738 148 12 924 485
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам – КЕАҚ ӘМСҚ.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Электрондық кестелерде денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардыңменшіктік, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліктің барлық нысанындағы қызметтіңнегізгі түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: G.Makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші