Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    18,2%
    2023 жылы Қазақстан Республикасында 2670 жазатайым оқиға тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы санын әйелдер 18,2% құрады. Мұның өзінде 334 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 662 – кәсіптік аурулардан, 97 - улану кезінде зардап шеккен.
    611
    Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 611 адам жабық сынық, 507 - сыртқы жарақат, 276 - шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 160 – басқа сынықтар (шығып кетумен),138 – ашық сынық, 102 - термикалық күйіктер алды.
    Динамика
    Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер, соның ішінде өлімге алып келгендер
    адам
      Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер, соның ішінде өлімге алып келгендер саны
    2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
    Барлығы 2 133 2 449 2 670
    Ірі және орта кәсіпорындар 1 726 2 084 2 244
    Шағын кәсіпорындар 407 365 426

    Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталуда. 2023 жылы онда 496 жағдай тіркелді, бұл жалпы жағдайлардың 18,6% құрайды. Екінші орында Ұлытау облысы, онда өндірісте 408 адам жарақат алды (жалпы санының 15,3%).

    Жазатайым оқиға нәтижесінде алынған жарақаттар:

    • жабық сынықтар - 611 адам;
    • Сыртқы жарақаттар - 507 адам;
    • шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты - 276 адам;
    • ашық сынықтар - 138 адам;
    • термиялық күйік - 102 адам.

    Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия (414 адам); құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз (136 адам).

    Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымдағы жұмыс істеген 30 жастан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.

    Глоссарий

    Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.

    Еңбекке қабілеттілігін жоғалтумен және өлімге әкеп соқтырған жағдайлардан зардап шеккендер саны – зардап шеккендердің еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіпорын аумағында, сондай-ақ кәсіпорындарымен берілген келу немесе жұмыстан қайту уақытында болған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер есепке алынды.

    Кәсіптік ауру – жұмысшыға олар өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты зиянды өндірістік факторлар әсерінен туындаған өткір және созылмалы ауру.

    Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың материалдық салдары – зардап шеккен жұмысшыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес оның жалақысына пайызбен есептелетін өтелген залалдың өлшемімен анықталады. Асыраушысының өлімі жағдайында, залалды өтеуіне құқығы бар тұлғаларға, залал мөлшері өзіне, оның асырауындағы еңбекке қабілетті, бірақ залал өтелуіне құқығы жоқ тұлғалардың үлесін алып тастаған асыраушының орташа айлық көлемінде өтеледі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Электронды кестеде жазатайым немесе кәсіптік аурулар тіркелеген барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы барлық заңды тұлғалар ұсынған деректер қамтылған.

    Өндірістік жарақат жағдайының өлшем бірлігі, яғни өндірісте болған жазатайым оқиғаның барысында жарақат алған бір адам жөніндегі деректер болып табылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Сағат
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: gl.sagat@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші