Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    754 336,4 млн.
    2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарымен қызметтіңнегізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 754336,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде 64,6% - бюджет есебінен, 18,3% - халықтан түскен қаражат есебінен, 17,1% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    411 943,2 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық мекемелердің қызметі есебінен қалыптасты, олар 411943,2 млн. теңге (54,6%) сомасында қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 115621,9млн.теңге (15,3%) сомасында және денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметті жүргізетін ұйымдар 111121,8 млн. теңге (14,7%) сомасында қызмет көрсетті.
    43 849,3 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар - 43849,3 млн.тенге (5,8%) сомасында, стоматологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 37435,8 млн. теңге (5%) сомасында және тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар -26689,9 млн. теңге (3,5%) сомасында, тұруды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар - 7674,3 млн.теңге (1%) сомасында қызмет көрсетті.
    67,9%
    2024 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша қызметтіңнегізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 67,9% мемлекеттік меншік ұйымдары, 29,9% жеке меншік ұйымдары және 2,2% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    483 661,9 млн.
    Есепті кезеңде қызметтіңнегізгі түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 483661,9 млн.теңгені (64,1%), шағын кәсіпорындар – 156730,1 млн. теңгені (20,8%) және орта кәсіпорындар – 113944,4 млн. теңгені (15,1%) құрады.
    Динамика
    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі
    мың теңге
    Барлығы I тоқсан
    2023 2024
    Денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 688 476 151 719 830 751
    Тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 23 990 113 26 767 568
    Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтер көлемі 6 690 155 7 738 148
    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет – кәсіпорынның іске асыратын кез-келген басқа қызметтерінің қосылған құнынан асатын қосымша құн қызметтерінің түрі саналады.

    Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Электрондық кестелерде денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардыңменшіктік, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліктің барлық нысанындағы қызметтіңнегізгі түрі денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі, бюджет қаражаты мен кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалатын қызмет көрсетулердің көлемі қосылған құн салығынсыз көрсетіледі.

    Халық төлеген қызмет көрсетулердің көлемі нақты төленген сомалардың мөлшерінде (яғни, ҚҚС-ты есепке алумен) көрсетіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Г.Маханбетова
    Тел. +7 7172 749256
    E-mail: G.Makhanbetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші