Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    114
    2025-2026 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жоғары ғылыми білікті кадрларды даярлау 114 магистранттарды даярлау ұйымдарында, 79 докторанттарды даярлау ұйымдарында және 24 резидентура тыңдаушылары ұйымдарында жүзеге асырылады.
    42 613
    Магистранттардың жалпы саны 42613 адам құрайды, оның ішінде 23328 адам немесе 54,7% - әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 20714 адам немесе магистранттардың жалпы санының 48,6% оқиды, ақылы білім беру қызметін 20374 адам немесе 47,8% алады.
    9 631
    Резидентура тыңдаушыларының жалпы саны 9631 адам құрайды, оның ішінде 6044 адам немесе 62,8% - әйелдер. Есепті жылы қабылданғандар саны - 3958 адам, бітірушілер саны - 2965 адам.
    9 491
    Докторанттардың жалпы саны 9491 адам құрайды, оның ішінде 5789 адам немесе 61% - әйелдер. Докторанттардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі – 4606 адам (48,5%), Астана қаласында – 2492 адам (26,3%), Қарағанды облысында – 493 адам (5,2%).
    455
    Бейінді бағыт бойынша докторанттар саны 455 адам және философия докторанттары (PhD) - 9036 адам құрайды.
    Динамика
    Оқу орындарының саны, бірлік
      2023 2024 2025
    Барлығы 105 110 114
    Мемлекеттік меншік 43 48 50
    Жеке меншік 60 60 61
    Шет меншігі 2 2 3
    Глоссарий

    Магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі.

    Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер.

    Бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Статистикалық релизде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2023-2024 оқу жылының басына негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынылған.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында жүзеге асырылады.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер:

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Ә. Саликова
    Тел. +7 7172 749374
    E-mail: a.salikova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс