Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    1 514 200,8 млн.
    2025 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарымен қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 1514200,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде 84,0% бюджет есебінен, 14,2% - халықтан түскен қаражат есебінен, 1,8% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
    850 838,6 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім саласында қалыптасты, олардың көлемі 850838,6 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінен 56,2%, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 233909,7 млн. теңге (15,4%), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 158870,2 млн. теңге (10,4%) құрады.
    13 173,8 млн.
    Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін мәдениет аясында білім беру саласында 13173,8 млн. теңге сомасында, көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі көрсететін ұйымдар 819,3 млн. теңге сомасында және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар 61,1 млн. теңге сомасында қызмет көрсетті.
    75,3%
    2025 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 75,3% мемлекеттік меншік ұйымдары, 23,9% жеке меншік ұйымдары және 0,8% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
    733 279,6 млн.
    Есепті кезеңде қызметтің негізгі түрі бойынша шағын кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 733279,6 млн. теңгені (48,4%), орта кәсіпорындар – 560168,8 млн. теңгені (37,0%) және ірі кәсіпорындар – 220752,3 млн. теңгені (14,6%) құрады.
    13 662,9 млн.
    Интернет желісі арқылы ұсынылатын білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің көлемі 13662,9 млн.теңгені құрады.
    Динамика
    Білім беру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі
    мың тенге
      2024 жылғы І тоқсан 2024 жылғы II тоқсан 2024 жылғы ІІІ тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан 2025 жылғы І тоқсан
    Қызмет негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер, барлығы 1 318 714 431 1 728 828 926 1 266 485 586 1 787 860 637 1 514 200 764
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтер 203 529 032 259 073 397 212 856 435 247 327 095 233 909 676
    Бастауыш білім беру саласындағы қызметтер 26 839 815 191 448 085 16 635 445 33 271 687 29 080 422
    Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер 762 294 445 831 337 701 692 129 340 932 265 818 850 838 646
    Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер 93 415 780 119 590 184 85 165 430 133 747 396 111 660 730
    Орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері 3 371 4 947 3 401 108 036 61 091
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметтер 127 931 620 179 979 574 122 302 665 266 826 666 158 870 233
    Спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыратын мамандарды оқыту саласындағы қызметтер 34 827 199 44 139 138 39 581 496 44 635 393 40 575 844
    Мәдениет аясында білім беру саласындағы қызметтер 18 691 574 26 560 008 16 701 210 21 887 261 20 949 322
    Жүргізушілерді дайындау мектептерінің қызметтері 411 558 779 071 762 445 768 008 819 278
    басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де білім беру саласындағы қызметтер 41 742 178 64 169 358 62 441 101 84 542 706 54 261 749
    Қосалқы білім беру қызметтері 9 027 859 11 747 463 17 906 618 22 480 571 13 173 773

    *ЭҚТӨЖ - Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

    Глоссарий

    Көрсетілген қызмет көлемі – кәсіпорындардан, ұйымдардан және (немесе) тікелей халықтан (үй шаруашылықтарынан) оларға көрсетілген қызметтер үшін төлеміне түскен қаржы көлеміндегі білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің құны болып табылады және ол өз кезегінде алынған немесе алынуға тиіс табыс ретінде мекемелердің өткізу құны бойынша бағаланатын ұйымның табысы ретінде бағаланады.

    Қызмет көрсету – адамның немесе тұтастай қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

    Қызметтің негізгі түрі – қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.

    Қызметтің қосалқы түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Жарияланымда меншіктің, ведомстволық тиістілік пен мөлшерліліктің барлық нысанындағы қызметтің негізгі түрі білім беру саласындағы ұйымдардың, білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың статистикалық деректері ұсынылды.

    Интернет арқылы ұсынылатын қызметтер – бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымының сайтын әзірлеу және жүргізу, оқушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл нысандарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет қолдану негізінде оқу үдерісіне әкімшілік ету бойынша қызметтер.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Д. Мухангалиева
    Тел. +7 7172 749345
    E-mail: D.Mukhangalieva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г.Астана
    пр. Мәңгілік ел, 8
    Министрліктер үйі, 4 подъезд