Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    110
    2024/2025 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жоғары ғылыми білікті кадрларды даярлау 110 магистранттарды даярлау ұйымдарында, 77 докторанттарды даярлау ұйымдарында және 23 резидентура тыңдаушылары ұйымдарында жүзеге асырылады.
    39 172
    Магистранттардың жалпы саны 39172 адамды құрайды, оның ішінде 22173 адам немесе 56,6% - әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19534 адам немесе магистранттардың жалпы санының 49,9% оқиды, ақылы білім беру қызметін 18224 адам немесе 46,5% алады.
    8 882
    Резидентура тыңдаушылардың жалпы саны 8882 адамды құрайды, оның ішінде 5634 адам немесе 63,4% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған саны 4080 адамды құрады, бітірушілер саны - 2558 адам.
    7 633
    Докторанттардың жалпы саны 7633 адамды құрайды, оның ішінде 4707 адам немесе 61,7% - әйелдер. Докторанттардың ең көп саны Алматы қаласында – 3673 адам (48,1%), Астана қаласында – 2067 адам (27,1%), Қарағанды облысында – 438 адам (5,7%).
    276
    Бейінді бағыт бойынша докторанттар саны 276 адамды және философия докторанттары (PhD) - 7357 адамды құрайды.
    Динамика
    Оқу орындарының саны
    бірлік
    2022 2023 2024
    Барлығы 105 105 110
    Мемлекеттік меншік 27 43 48
    Жеке меншік 76 60 60
    Шет меншігі 2 2 2
    Глоссарий

    Магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі.

    Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

    Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер.

    Бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Статистикалық релизде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2023-2024 оқу жылының басына негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынылған.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында жүзеге асырылады.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Динамикалық кестелер:

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Мизинбаева
    Тел. +7 7172 749258
    E-mail: [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші