Театрлар | Музейлер | Мәдени-демалыс мекемелері | Кинотеатрлар | Кітапханалар | Концерттік ұйымдар | Саябақтар | Хайуанаттар бағы | Цирктер | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 73 | 271 | 3 102 | 105 | 3 917 | 44 | 208 | 13 | 3 | |
Абай | 1 | 8 | 125 | 3 | 137 | 1 | 6 | 1 | ||
Ақмола | 2 | 15 | 261 | 2 | 339 | x | 3 | х | - | |
Ақтөбе | 2 | 20 | 202 | 2 | 237 | 1 | 9 | 2 | - | |
Алматы | 2 | 16 | 118 | x | 133 | - | 11 | - | - | |
Атырау | 1 | 16 | 82 | 4 | 143 | 2 | 9 | - | - | |
Батыс Қазақстан | 2 | 19 | 269 | 9 | 362 | 3 | 11 | - | - | |
Жамбыл | 3 | 17 | 199 | 5 | 275 | 1 | 13 | - | - | |
Жетісу | x | 14 | 134 | 2 | 149 | 3 | 1 | - | ||
Қарағанды | 4 | 16 | 255 | 8 | 257 | 1 | 19 | 1 | - | |
Қостанай | 4 | 9 | 244 | 7 | 340 | 1 | 9 | - | - | |
Қызылорда | 1 | 14 | 172 | 2 | 209 | 2 | 3 | - | - | |
Маңғыстау | 2 | 7 | 42 | 6 | 68 | 1 | 10 | - | - | |
Павлодар | 2 | 12 | 280 | 5 | 228 | 1 | 4 | - | - | |
Солтүстік Қазақстан | 3 | 13 | 240 | 4 | 318 | 1 | 6 | 2 | - | |
Түркістан | 3 | 27 | 252 | 3 | 395 | x | 27 | - | - | |
Ұлытау | x | 6 | 43 | x | 57 | 1 | 2 | - | ||
Шығыс Қазақстан | 1 | 9 | 172 | 3 | 170 | 1 | 5 | 2 | - | |
Астана қ. | 9 | 9 | 1 | 11 | 23 | 4 | 22 | х | 1 | |
Алматы қ. | 23 | 19 | 1 | 21 | 33 | 17 | 20 | 2 | 1 | |
Шымкент қ. | 6 | 5 | 10 | 6 | 44 | 1 | 18 | 1 | 1 |
2022 жылы пандемияға байланысты шектеу шараларын толығымен алынып тасталуына байланысты барлық мәдениет мекемелерінің қатысуы мен өткізілген іс-шаралардың артуы байқалады.
2021 жылмен салыстарғанда келушілердің ең көп өсуі цирктерде байқалады – 6 еседен астам, театрлар мен концерттік ұйымдарға келушілер саны 2,3 есеге, киносеанстарға келушілер саны 2 есеге, ойын-сауық және демалыс саябақтарына келушілер саны 34,1%-ға хайуанаттар бағына келушілер саны 28,1%-ға және музейлерге келушілер саны 19,1%-ға өсті.
2022 жылы демалыс және ойын-сауық саябақтарында өткізілетін іс-шаралар саны 4,4 есе өсті, цирк қойылымдарының саны 2,2 есе өсті, сондай-ақ концерттік (1,7 есеге), мәдени-демалыс (1,6 есеге) ұйымдар мен театрлар өткізген іс-шаралар саны 42,3%-ға артты.
Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, ұйымдастырылған баспа және қолжазба құжаттары қоры, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
Концерттік ұйымдар - әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
Музейлер - музей экспонаттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдар.
Театрлар - әдебиет пен өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, балалар мен жасөспірімдерге арналған сатиралар мен әзілдер, жастар, эксперименттік).
Анимациялық фильм - бұл бейнелеу өнерінің графикалық әдістері мен әдістерін, компьютерлік графика мүмкіндіктерін, іс-әрекеттер мен көріністерді жандандыру арқылы жасалған фильм.
Деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық жүйе және басқа да құралдар арқылы түсіндіретін өзекті оқиғаларды, шындық фактілерін тіркейтін сценарий сюжеті негізінде жасалған фильм.
Қысқа метражды фильм - алпыс минуттан аспайтын фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
Толықметражды фильм-ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толықметражды фильм болып табылады.
Фильм - кез-келген нысанда және әр түрлі жанрларда шығармашылық ниет негізінде жасалған, кинопленкаға, магниттік пленкаға немесе тасымалдаушы түрлеріне бекітілген және тақырыптық тұтастыққа қосылған, бір-бірімен дәйекті байланысқан кадрлардан тұратын және тиісті техникалық құралдардың көмегімен қабылдауға арналған бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын аудиовизуалды туынды.
Фильм өндірісі - автордың шығармашылық ниетін жүзеге асыру процесі, нәтижесінде аудиовизуалды шығарма жасалады.
Шығарылымда мәдениет мекемелерінің (кітапханалар, театрлар, цирктер, музейлер, концерттік ұйымдар, ойын-сауық және демалыс саябақтары, хайуанаттар бағы мен океанариум, кинотеатрлар, мәдени-демалыс ұйымдары) жұмысы туралы статистикалық деректер келтірілген.