Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    44%
    Зерттеу қорытындысы бойынша прокуратура органдарына сенуге болады деген пікірмен толық келісетін адамдардың үлесі 44% құрады, ішінара келісетіндер - 31,6%, ішінара келіспейтіндер - 3,4%, толық келіспейтіндер - 1,7%. Бұл құрылыммен ешқашан кездеспегендердің үлесі 19,4% құрады.
    39,5%
    Полиция органдарына сенуге болады деген пікірмен толық келіскендердің үлесі 39,5% құрады, ішінара келіседі – 38%, ішінара келіспейді - 5,2%, толық келіспейді – 2%. Полициямен ешқашан кездеспегендердің үлесі 15,3% құрады.
    29,2%
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенуге болады деген пікірмен толық келіскендердің үлесі 29,2% құрады, ішінара келіседі - 30,5%, ішінара келіспейді - 3,3%, толық келіспейді - 1,6%. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ешқашан кездеспегендердің үлесі 35,5% құрады.
    24,9%
    Экономикалық тергеу қызметіне сенуге болады деген пікірмен толық келіскендер 24,9% құрады, ішінара келіседі - 27,7%, ішінара келіспейді - 2,8%, толық келіспейді - 1,5%. Экономикалық тергеу қызметпен ешқашан кездеспегендердің үлесі 43,2% құрады.

    «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуі 2022 жылдың қазан-қараша айларында республиканың барлық өңірлерінде, қалалық және ауылдық жерлерде жүргізілді.

    Құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі
    пайызбен
    2022ж. қазан-қараша

    Зерттеу нәтижелері бойынша 58,6% сұралғандардың өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді, 37,8% жеткілікті қауіпсіз, 2,5% қауіпсіз емес, 0,6% мүлдем қауіпсіз емес және 0,6% жауап беруге қиналды.

    Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері шабуыл жасаудан қорқу – 42%, қараңғыдан қорқу – 30,9% және жарықтың болмауы – 31,6%.

    ҚР БП ҚСжАЕК әкімшілік деректер

    Өңірлер бөлінісінде қаңтар-желтоқсанда қылмыстардың ең көбі Алматы қаласы (34891 жағдай), Астана қаласы (17144 жағадай), Алматы облысы (12571 жағдай), Қарағанды қаласы (9771 жағдай), Шымкент қаласы (9791 жағдай), Шығыс Қазақстан облысында (7764 жағдай) тіркелген.

    2022 жылғы тіркелген қылмыстар саны, жағдай
    2022ж. қазан-қараша
    2013-2022 жылдары тіркелген қылмыстардың динамикасы, мың жағдай
    2022ж. қазан-қараша
    Глоссарий
    ҚР БП ҚСжАЕК - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

    Құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;

    Қылмыс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасында айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

    Әдістемелік түсініктемелер

    Осы жарияланымда «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуінің нәтижелері келтірілген.

    Зерттеуге іріктемелі әдіспен іріктелген 18 005 үй шаруашылығы немесе республикадағы үй шаруашылықтарының жалпы санының 0,35%-ы қатысты. Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде 15 және одан жоғары жастағы үй шаруашылығының бір мүшесі сұралды.

    Тексерудің мақсаты-халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі туралы, өз қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау туралы репрезентативтік деректер алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер алу.

    Тексеру халыққа сауал қою және мәліметтерді статистикалық нысанға жазу арқылы жүзеге асырылады. Сауалнама арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.

    Зерттеудің статистикалық нысаны келесі бөлімдерден тұрады:

    - респондент туралы мәліметтер;

    - өз қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау;

    - құқық қорғау органдарына сенім дәрежесі;

    - құқық бұзушылық туралы мәліметтер.

      Зерттеу көрсеткіштері барлық халыққа таратылып келтірілді.

      Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы елеусіз алшақтықтар деректерді автоматты түрде дөңгелектеумен түсіндіріледі.


      Шығаруға жауапты:
      Халық статистикасы департаменті
      Департамент директоры:
      Н. Ханжигитов
      Тел. +7 7172 749061
      Орындаушы:
      Б. Тиштенова
      Тел. +7 7172 749374
      E-mail: be.tishtenova@aspire.gov.kz
      Мекенжай:
      010000, Астана қаласы
      Мәңгілік ел даңғылы, 8
      Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
      Онлайн кеңесші