«Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуі 2023 жылдың сәуір-мамыр айларында республиканың барлық өңірлерінде, қалалық және ауылдық жерлерде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша 57,9% сұралғандардың өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді, 33,7% жеткілікті қауіпсіз, 6,5% қауіпсіз емес, 1,1% мүлдем қауіпсіз емес және 0,8% жауап беруге қиналды.
Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері жарықтандырудың болмауы/жеткіліксіздігі – 21,4%, шабуылға ұшыраудан қорқу – 16,0% және жалғыз шығудан қорқу – 16,7%.
Өңірлер бөлінісінде бірінші жартыжылдықта қылмыстардың ең көбі Алматы қаласы (13696 жағдай), Астана қаласы (8974 жағадай), Алматы облысы (5409 жағдай), Қарағанды қаласы (4655 жағдай), Шымкент қаласы (3511 жағдай), Қостанай облысында (3032 жағдай) тіркелген.
ҚР БП ҚСжАЕК - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.
Құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;
Қылмыс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасында айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Осы жарияланымда «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеуінің нәтижелері келтірілген.
Зерттеуге іріктемелі әдіспен іріктелген 18005 үй шаруашылығы немесе республикадағы үй шаруашылықтарының жалпы санының 0,35%-ы қатысты. Іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде 15 және одан жоғары жастағы үй шаруашылығының бір мүшесі сұралды.
Тексерудің мақсаты-халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі туралы, өз қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау туралы репрезентативтік деректер алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер алу.
Тексеру халыққа сауал қою және мәліметтерді статистикалық нысанға жазу арқылы жүзеге асырылады. Сауалнама арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
Зерттеудің статистикалық нысаны келесі бөлімдерден тұрады:
- респондент туралы мәліметтер;
- өз қауіпсіздігін қабылдау және қылмыс деңгейін субъективті бағалау;
- құқық қорғау органдарына сенім дәрежесі;
- құқық бұзушылық туралы мәліметтер.
Зерттеу көрсеткіштері барлық халыққа таратылып келтірілді.
Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы елеусіз алшақтықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.