Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    20 283 399
    Барлық халық – 20283399 адам;
    12 773 115
    Қалалық – 12773115 адам;
    7 510 284
    Ауылдық – 7510284 адам;
    9 910 837
    Ерлер – 9910837 адам;
    10 372 562
    Әйелдер – 10372562 адам.
    2025 жыл басына этникалық құрам:

    Қазақтар – 14456709 адам (71,3%);

    Орыстар – 2963938 адам (14,6%);

    Өзбектер – 678487 адам (3,3%).

    Электрондық кестелер

    63(61) және одан жоғары жастағы халықтың ең көп үлесі Алматы қаласында (11,4%), Қарағанды (7,5%) және Түркістан (7,2%) облытарында, ал 0-15 жастағылардың ең көбі Түркістан (13,4%), Алматы қаласында (9,9%) және Алматы облысында (8,1%) тұрады.

    Глоссарий

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны;

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсімі (кемуі) – тірі туғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны – қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалар соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы – қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы – ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Айтбайқызы
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail:ai.kanasheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел данғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші