Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    405 416
    2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 405416 теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға артық, нақты мәнде жалақы 2,4%-ға өсті.
    85 000
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    285 677
    Қазақстан Республикасында 2024 жылғы медиандық жалақы 285677 теңгені құрады. Номиналды жалақы 2023 жылға қарағанда 13,7%-ға өсті, нақты мәнде 4,6%-ға өсті.
    97 557
    2024 жылғы модальдік жалақы 97557 теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 19,9%-ға өсті, нақты мәнде 10,3%-ға өсті.
    Жалақы динамикасы

    Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9 рет өсті, әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өсті.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге
      2020 2021 2022 2023 2024   Номиналды жалақы индексі 2024 жыл 2020 жылға, пайызбен   Нақты жалақы индексі 2024 жыл 2020 жылға, пайызбен
    Барлығы 213 003 250 311 309 697 364 295 405 416 190,3 123,1
    ерлер 243 524 281 239 355 072 418 788 468 914 192,6 124,7
    әйелдер 182 679 220 160 265 643 311 217 344 496 188,6 132,7

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады. Жылдық деректер тоқсандық есептерді ескере отырып қалыптастырылады.

    Медиандық жалақы
    теңге
      2021 2022 2023 2024

    Қазақстан Республикасы

    165 816 204 149 251 356 285 677

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректер көзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды бір жолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жалақы

    2024 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді, ол 633322 теңгені, Маңғыстау облысында – 580946 теңгені, Астана қаласында – 538009 теңгені құрды.

    Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Алматы қаласында – 15,2%-ға, Ақтөбе облысында – 14,9%-ға, Қостанай облысында – 13,6%-ға, Абай облысында және Шымкент қаласында – 13,4%-ға тіркелді.

    Ең төменгі жалақы Жамбыл облысында – 299972 теңге, Түркістан облысында – 295251 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 293421 теңге және Жетісу облысында – 293160 теңге болып байқалды.

    Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы

    2023 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы озық қарқынмен өсуі қаржы және сақтандыру қызметінде – 24,0%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 23,9%-ға, ақпарат және байланыс саласында – 23,6%-ға, тіркелді.

    Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу және қаржы және сақтандыру қызметінде – орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары, ақпарат және байланыс саласында – тиісінше 1,8 есе.

    2024 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
      Орташа айлық атаулы жалақысы
    теңге 2023 жылға пайызбен
    номиналды жалақы индексі нақты жалақы индексі  
    Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 405 416 111,3 102,4
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 263 517 118,4 108,9
    Өнеркәсіп 569 617 114,7 105,5
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 866 486 112,4 103,4
    Өңдеу өнеркәсібі 477 895 115,3 106,1
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 403 696 122,3 112,5
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 286 552 123,9 114,0
    Құрылыс 508 363 106,4 97,9
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 365 157 114,4 105,2
    Көлік және жинақтау 532 098 114,3 105,1
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 341 277 108,8 100,1
    Ақпарат және байланыс 726 771 123,6 113,7
    Қаржы және сақтандыру қызметі 856 213 124,0 114,0
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 323 068 121,9 112,1
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 597 883 115,6 106,4
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 369 772 101,9 93,7
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 338 637 107,9 99,3
    Білім беру 303 020 107,5 98,9
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 315 409 107,7 99,1
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 270 487 119,4 109,8
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 361 272 109,5 100,7
    * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда. Анықтама: Қызметкерлердің жалақы қорына қосылатындар: 1)тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы, 2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар, 3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері, 4) жұмыспен өтелмеген уақытқа ақы төлеу * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
    Электрондық кестелер:
    Динамикалық кестелер:
    Жұмыс күшінің қозғалысы және жалдамалы қызметкерлер уақытының күнтізбелік қорын пайдалану

    2024 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарға 1100,8 мың адам жұмысқа қабылданған, одан 84,2 мың адам – жаңадан құрылған жұмыс орындарына және мүгедектігі бар қызметкерлер 4,7 мың адам қабылданған.

    Әр түрлі себептер бойынша 1086,0 мың адам, одан босатылуына (қысқартылуына) байланысты – 19,4 мың адам, өтімділік себептер бойынша – 882,3 мың қызметкерлер, басқа себептер бойынша – 184,2 мың қызметкерлер жұмыстан шыққан.

    Өңірлер бөлінісінде қызметкерлердің ең көп қабылданған саны Алматы қаласында – 222454 адам, Астана қаласында 137573 адам және Қарағанды облысында – 75654 адам. Оның ішінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына алынған қызметкерлер саны Алматы қаласында 18355 адам, Астана қаласында – 16400 адам және Түркістан облысында – 12371 адам.

    Ең көп жұмыс орнынын алмастыру коэффициентi Түркістан облысында – 124,1% Жетісу қаласында – 117,9% және Астана қаласында – 112,4% байқалды.

    2024 жылға экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкерге уақытының күнтізбелік қоры*
      Бір қызметкерге есептегенде
    істелген жұмыс күн саны, барлығы істелген жұмыс сағат саны, барлығы істелмеген жұмысының адам-күн саны, барлығы одан
    ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы (қосымша еңбек демалысын қосқанда) науқастануына байланысты жалақы сақтауынсыз демалыс бойынша
    Барлығы 225,1 1 838,5 41,8 26,5 4,6 3,4
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 248,7 1 897,2 36,7 19,6 5,3 5,8
    Өнеркәсіп 220,6 1 774,9 43,4 24,3 7,4 4,7
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 216,9 1 799,0 46,1 27,7 7,6 3,0
    Өңдеу өнеркәсібі 221,3 1 754,8 43,6 22,7 7,4 5,8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 223,0 1 782,8 41,1 23,4 7,6 5,1
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 226,0 1 792,3 35,3 22,2 6,4 3,5
    Құрылыс 236,0 1 867,1 34,6 18,8 3,8 6,4
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 228,9 2 205,8 38,3 17,3 4,2 4,6
    Көлік және жинақтау 222,5 1 772,9 46,7 27,2 8,4 2,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 231,4 1 829,2 33,8 16,0 4,4 5,2
    Ақпарат және байланыс 234,1 1 862,1 39,1 20,7 4,5 3,3
    Қаржы және сақтандыру қызметі 224,9 1 816,2 49,2 18,4 6,1 8,2
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 208,4 1 694,6 66,6 14,8 12,6 10,6
    Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет 227,4 1 821,7 39,8 21,3 3,7 4,8
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 234,3 1 870,9 28,2 17,1 3,9 2,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандыру 230,0 1 904,8 31,7 22,7 2,8 2,0
    Білім беру 217,6 1 757,6 44,8 35,4 3,0 2,1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 230,9 1 848,9 43,2 28,6 5,1 3,5
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 229,0 1 799,6 32,5 23,0 2,8 2,1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 249,5 2 476,4 80,5 8,7 1,0 5,3
    Электрондық кестелер:
    Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны

    2024 жылы зерттелген кәсіпорындар шеңберінде түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 428,6 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындардың жалпы санының әрбір төрттен бірі (26,5%) жұмыс істеді.

    Физикалық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында әрбір жетінші (15,5%), химиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында – әрбір жиырма сегізінші (3,5%) және биологиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында – әрбір жүз отызыншы (0,8%) жұмыс жасаған. Зерттелген кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалпы санынан 122,6 мың адам (7,6%) ауыр дене еңбегімен қамтылған.

    Әйелдер арасында әрбір бесінші (129,4 мың адам) түнгі ауысымда жұмыс істеді, физикалық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында 6,5% (42,3 мың адам), химиялық сипаттағы өндірістік факторлардың еңбек жағдайларында және ауыр дене еңбегімен қамтылған 13,6 мың адамға дейін.

    2024 жылы еңбекті қорғауға арналған шығынның жалпы сомасы 434541,2 млн.теңге, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктер ұсынуға 297422,3 млн.теңге жұмсалды, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – 79907,4 млн.теңге, мерзімді медициналық тексерулер мен ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізуге - 22286,1 млн.теңге. Жеңілдіктердің ең көп тараған түрі – қосымша демалыс берілді – 550,7 мың адам, еңбекақы мөлшерінің жоғарылауына – 333,5 мың адам және тегін сүт немесе оған теңестірілген азық-түлік – 331,5 мың адам пайдаланылды.

    Анықтама: Осы бөлімнің ақпараты,кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусызауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалардағы негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғаларды және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін тексеруқорытындылары бойынша қалыптастырылған.
    Электрондық кестелер:
    Еңбек құнының индексі мезгілдік және күнтізбелік тегістеу есебімен

    Жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын орташа жылдық жалпы еңбек құнының индексі 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 113,3%, жалақы қоры бойынша – 114,2%, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар – 108,2% құрады.

    Құрамдас бөліктер бойынша еңбек құнының индексінің динамикасы
    өткен жылдың тиісті тоқсанына,пайызбен
      Еңбек құнының индексі (жалпы) Жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар бойынша еңбек құнының индексі
    2020 114,8 115,9 107,5
    2021 119,3 117,5 131,8
    2022 121,9 122,5 118,7
    2023 120,7 118,6 134,6
    2024 113,3 114,2 108,2
    Глоссарий

    Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Еңбек құнының индексі – бұл жұмыс уақытының 1 сағатына есептелген еңбек шығындары құнының орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Жұмыс күшіне арналған шығындарының құны – бұл жұмыс күшін қаржыландыру көзіне қарамастан, оларды ұстауға және пайдалануға байланысты жұмыс берушілердің (ұйымдардың) шығындарының сомасы.

    Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны – бұл жұмыс берушінің (ұйымның) шығындарының сомасы, оның құрамына мыналар кіреді: жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтар; ұйымның қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстары; ұйымның қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға арналған шығыстары; мəдени іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; ұйымның қызметкерлерді оқытуға жұмсаған шығындары; жоғарыда келтірілген топтарға жатпайтын, жұмыс күшін ұстауға қөзделген ұйымның шығыстары.

    Еңбек құны индексінің уақыттық қатарларын мезгілдік және күнтізбелік түзетуді есептеу «JDemetra+» программасын пайдалана отырып, кәспорындар бойынша қәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындарды есепке алмай жүргізілді.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.

    Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.

    Еңбекақыны кәсіптер мен лауазымдар бойынша мемлекеттік статистикалық байқау, қызметкерлерді жалақы бойынша бөлу іріктеу, яғни ірі кәсіпорындарда үздіксіз әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындарда іріктеу әдісімен жүргізіледі.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    А.Азнабаева
    Тел. +7 7172 749678
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс