Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    317512
    2025 жылы Қазақстан Республикасында медианалық жалақы 317512 теңгені құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға өсті, нақты мәнде 0,4%-ға өсті.
    85000
    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
    Жалақы динамикасы

    2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 405416 теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға артық, нақты мәнде жалақы 2,4%-ға өсті.

    Соңғы бес жылда орташа жалақы 1,9%-ға өсті, бұл ретте әйелдердің жалақы өсімінің қарқыны ерлерге қарағанда жоғары болды.

    Қазақстан Республикасындағы жалақы
    теңге

     

    2020

    2021

    2022

    2023

     

     

    2024

     

    Номиналды жалақы индексі 2024 жыл 2020 жылға, пайызбен

     

    Нақты жалақы индексі

    2024 жыл 2020 жылға, пайызбен

    Барлығы

    213 003

    250 311

    309 697

    364 295

    405 416

    190,3

    123,1

    ерлер

    243 524

    281 239

    355 072

    418 788

    468 914

    192,6

    124,7

    әйелдер

    182 679

    220 160

    265 643

    311 217

    344 496

    188,6

    132,7

    Анықтама: Орташа айлық жалақы бойынша деректер көзі тоқсан және жыл кезеңділігімен 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны бойынша зерттеу болып табылады. Жылдық деректер тоқсандық есептерді ескере отырып қалыптастырылады.

    100000 теңгеге дейін орташа айлық жалақыны 3,3% қызметкерлер, 100001-ден 150000 теңгеге дейін – 10,5%, 150001-ден 300000 теңгеге дейін – 32,5%, 300001-ден жоғары – 53,7% алды.

    Медианалық жалақы
    Медианалық жалақы
    теңге

     

    2021

    2022

    2023

    2024

    2025

    Қазақстан Республикасы

    165 816

    204 149

    251 356

    285 677

    317 512

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зерттелуге жатады.

    2025 жылы Қазақстан Республикасында медианалық жалақы 317512 теңгені құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға өсті, нақты мәнде 0,4%-ға өсті.

    Салалар бойынша 2024 жылмен салыстырғанда медианалық жалақының ең жоғары өсуі қаржы және сақтандыру қызметінде – 31,3%, көлік және жинақтауда – 24,1%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 22,9% белгіленген.

    Медианалық жалақының ең төмен өсімі тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 2,7%, сондай-ақ білім беруде - 5,9% болып тіркелді.

    Өңірлер бойынша медианалық жалақының ең жоғары өсу қарқыны Астана қаласында байқалды, онда өсім 18,0%-ды құрады. Орташа жалақының ең төмен өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 6,8%-ды құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Модальдік жалақы
    Модальдік жалақы
    теңге

     

    2021

    2022

    2023

    2024

    2025

    Қазақстан Республикасы

    57 923

    68 565

    81 377

    97 557

    116 059

    Анықтама: 2018 жылдан бастап деректеркөзі жылына бір рет кезеңділікпен 2-Т (еңбекақы)«Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысан бойынша жүргізілетін кәсіпорындарды біржолғы зерттеу болып табылады. Сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зертелуге жатады.

    2025 жылы модальдік жалақы 116059 теңгені құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 19,0%-ға өсті, нақты мәнде 7,5%-ға өсті.

    Динамикалық кестелер:
    Сағаттық жалақы

    2025 жылы бір қызметкердің сағаттық жалақысы 2334 теңгені құрады және 2024 жылдан 12,0%-ға өсті

    Қызметкерлердің сағаттық жалақысы
    теңге

     

    2021

    2022

    2023

    2024

    2025

    Барлығы

      1 303

    1 644

    2 016

    2 083

    2 334

    ерлер

    1 427

    1 802

    2 235

    2 307

    2 637

    әйелдер

    1 179

    1 486

    1 800

    1 871

    2 046

    Жас топтары бойынша орташа айлық жалақы

    Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру барысында ең төмен жалақыны 16-дан 24 жастағы қызметкерлер – 279875 теңге, ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жаста (455070 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейін (430045 теңге) алғанын көрсетеді.

    Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 15,3%, ең төмен 65 жас және жоғары санатта – 5,9% құрады.

    Білім деңгейі бойынша орташа айлық жалақы

    Білім деңгейі бойынша қызметкерлердің жалақысы орта біліммен - 289673 теңгені, жоғары біліммен – 497563 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 672493 теңгені құрады.

    2024 жылмен салыстырғанда жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қызметкерлердің жалақысы ең жоғары өсім 20,3%-ды, ең төмен – 10,0%-ды орта білімі бар қызметкерлер жалақысы құрады.

    Глоссарий

    Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысының мөлшерін, оның өзгеру заңдылықтары мен тенденцияларын, құрылымдық сипаттамаларын, аймақтық, гендерлік айырмашылықтарын жалақы деңгейіне оның саралануы мен динамикасына әсер ететін басқада ерекшеліктерін көрсетеді.

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы – бұл қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделігіне, санына, сапасына және шарттарына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

    ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:

    1) тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;

    2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;

    3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;

    4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.

    Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

    Жалақы индексі – бұл жалақының серпіні немесе трендісі бағаланатын көмекші құралдар. Еңбекақының екі индексі бар: атаулы және нақты.

    Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Нақты жалақы индексі атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.

    Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.

    Модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Медианалық және модальдік жалақы бойынша деректер көзі 2018 жылдан бастап 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» кезеңділігі жылына бір рет статистикалық нысаны бойынша өткізілетін ұйымдарды біржолғы зерттеу болып табылады. Зерттеуге толығымен сәуір айында жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады.

    Кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақыны, жалақы мөлшері бойынша қызметкерлерді бөлуді мемлекеттік статистикалық байқау іріктемелі болып табылады, яғни ірі кәсіпорындар жаппай әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындар іріктеме әдісімен.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Ахметқали
    Тел. +7 7172 74 97 81
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс