Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    5,1%
    Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2024 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады.
    8,8%
    2024 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,8%) облысында, ал ең азы– Атырау мен Қарағанды облыстарында (3%-дан) тіркелді.
    Тоқсандағы кедейлік және теңсіздік көрсеткіштері

    Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2024 жылдың II тоқсанында 5,1%-ды құрады. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштерінің мәндері тиісінше 0,8 және 0,2 пайызды құрады.

    Электрондық кестелер:
    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Үй шаруашылығы – бірлесіп тұратын, өзінің табысы мен мүлкін толық немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект;

    Тұтынуға пайдаланылған табыстар - тұтынуға пайдаланылған халықтың табыстары тұтынушылық шығыстарды (өндірістік қызметке және жинақтауға капитал салымдарынсыз) және өз өндірісінің заттай нысанында тұтынылған өнімнің және трансферттердің құнын (ақшалай түрде) қамтиды;

    Кедейлік деңгейі (тұтынуға пайдаланылған табысы бар халықтың үлесі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен) - табысы бар халық санының ЕТКДШ төмен халықтың жалпы санына қатынасымен айқындалады;

    Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКДШ) – бұл азық-түлік себетінің құнынан және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардан тұратын ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс.

    Азық-түлік себетіндегі азық-түлік жиынтығы 43 тағам түрінен тұрады. Бұрын азық-түлік себеті 20 өнім атауынан тұратын. Жаңа азық-түлік минимумының құрамы белгілі бір өнімнің маусымдылығын ескере отырып түзетіледі және оның үлесі күнкөріс минимумының құнының 55% құрайды.

    Кедейлік тереңдігі коэффициенті-ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың табыс (тұтыну) деңгейінің орташа ауытқуын көрсетеді және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санымен байланысты жиынтық табыс тапшылығының шамасымен көрсетіледі.

    Кедейліктің өткірлігі коэффициенті кедейлер арасындағы теңсіздікті көрсетеді – кедейлердің орташа табыстарының таралу дәрежесі. Бұл зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің табыс тапшылығы үлесінің белгіленген критерийден ауытқу квадраттарының орташа мәні.

    Жан басына шаққандағы орташа табыстың мөлшері бойынша халықты топтастыру - жан басына шаққандағы орташа табыстың мөлшері бойынша белгілі бір аралықтарда сараланған және топтастырылған халықтың саны (немесе үлесі).

    Халықтың әртүрлі топтары бойынша табыстардың жалпы көлемін бөлу- табыстарды халықтың жекелеген топтарына шоғырландыру. Кванттық және табыс топтарындағы табыстардың шоғырлануын бөлуге болады.

    Халықтың кванттық топтары - басқа белгілерге қарамастан бүкіл халықтың сандық тең бөліктерге бөлінуімен қалыптасады. Көбінесе децилді және квинтилді бөлу қолданылады – 10 және 20 пайыздық топтар.

    Халықтың табыс топтары - берілген табыс аралықтарында қалыптасады.

    Халықтың кванттық немесе берілген табыс топтары бойынша табыстардың шоғырлануы-халықтың жалпы табысының тиісті тобының үлесі ретінде анықталады.

    Табыстың эквиваленттік шкаласы - әр түрлі үй шаруашылықтарындағы жан басына шаққандағы орташа табыстың қажетті деңгейлерін түзететін түзету коэффициенттері. Бірлескен өмір сүру әсерінен шығындарды үнемдеу ескеріледі.

    Медианалық табыс - табыстарды бөлу сериясының ортасында тұрған көрсеткіштің мәні.

    Джини коэффициенті (халықтың 10%-ы бойынша, халықтың 20%-ы бойынша) - теңсіздік дәрежесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сандық тең (децилді, квинтилді) топтары бойынша табыстардың нақты бөлінуінің олардың біркелкі бөліну сызығынан ауытқу дәрежесін белгілейді.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазақстан Республикасында кедейлік деңгейін ресми бағалау үшін абсолютті кедейлік тұжырымдамасы қабылданды, ол табыс (немесе тұтыну) деңгейінің өмір сүру құралдарының белгіленген минимумына сәйкестігіне негізделген. Бағалау критерийі-ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі- ЕТКДШ).

    Кедейлік деңгейі (тұтынуға жұмсалған табысы бар халықтың үлесі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен) табысы бар халық санының ЕТКДШ төмен халықтың жалпы санына пайызбен қатынасымен анықталады. Есептеу үй шаруашылығының екінші және кейінгі мүшелеріне бірыңғай коэффициенті 0,8 болатын табыстардың баламалылық шкаласын ескере отырып жүргізіледі. Көрсеткіш 2001 жылдан бастап республика, өңірлер және тұрғылықты жері бойынша 12 мың үй шаруашылығын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша тоқсан сайын, жыл сайын қалыптастырылады.

    2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі үшін кедейлік деңгейі көрсеткіші республика деңгейінде жынысы бойынша беріледі.

    Тұтынуға пайдаланылған халықтың табысы 2001 жылдан бастап халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін есептеу үшін негізгі критерий ретінде үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу бағдарламасы шеңберінде есептеледі. Деректер үй шаруашылықтарын өмір сүру деңгейі бойынша іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректерді бас жиынтыққа тарата отырып алынды.

    Табысы ЕТКДШ төмен халықтың үлесін есептеу кезінде Бюро "ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу қағидаларына" сәйкес есептелетін ЕТКДШ мәнін пайдаланады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 623 және Ұлттық денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының бірлескен бұйрығы). 2015 жылғы 31 шілдедегі № 585, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 тамыздағы № 11944 болып тіркелген).

    Абсолютті кедейлікті есептеумен қатар (тұтынуға пайдаланылған табысы ЕТКДШ төмен халықтың үлесі) Бюро:

    - 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі үшін сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 1,9; 3,2 және 5,5 АҚШ долларын құрайтын халықаралық шегіне қатысты республика бойынша, жынысы бойыншакедейлік көрсеткіштерін;

    - тұтынуға пайдаланылған халықтың жан басына шаққандағы орташа табысының 60% критерийін қолдана отырып, салыстырмалы кедейліктіесептейді және жариялайды.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Белоносова
    Тел. +77172 749022
    Орындаушы:
    А. Мақшаева
    Тел. +7 7172 749262
    E-mail: a.makshayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші