Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2022 жылы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,3%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,7%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (12,7%), өнеркәсіп (12,5%), ауыл шаруашылығы (12,4%) салаларында байқалды.
Толық жұмыспен қамтылмаған адамдар саны 258 мың адамды құрады. Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты аз жұмыс істеген жұмысшылардың бұл санатында икемді жұмыс кестесі және басқа себептер бар.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халыққа аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 38 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 33 сағатты құрады.
Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 49,8 мың адамды құрады.
Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,3%-ын құрады.
ҚР ЕХӘЖҚМ жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы желтоқсан айының соңына 132,3 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің санынан 1,4% құрады.
15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ды құрады.
Жұмыс күші, адам | Жұмыспен қамтылған халық, адам | Соның ішінде | Жұмыссыз халық, адам | Жұмыссыздық деңгейі , % |
Жастар ( 15-28 жаста) жұмыссыздығы деңгейі, % |
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам | ||
жалдамалы қызметкерлер | өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер | |||||||
2020 | 9 180 845 | 8 732 040 | 6 686 666 | 2 045 374 | 448 805 | 4,9 | 3,8 | 4 076 775 |
2021 | 9 256 757 | 8 807 113 | 6 710 206 | 2 096 907 | 449 644 | 4,9 | 3,8 | 4 093 294 |
2022 | 9 429 809 | 8 971 539 | 6 847 300 | 2 124 239 | 458 270 | 4,9 | 3,8 | 4 301 439 |
Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.
Жұмысқа қабілетті жастағы адамдарға 16 -60,5 жастағы әйелдер, 63 жастағы ерлер жатады («Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және «Қазақстан Республикасы халқын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес).
Жұмыспен қамтылған адам– ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
– жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.– 15-28 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.
Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 4,3%-ы) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.
Ұғымдар мен анықтамалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.