2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (109,4%) ауыл шаруашылығы (109,1%) және байланыс (108%) салалары болды.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен сауда (105%), көлік және жинақтау (103,9%) және өнеркәсіп (101,1%) салалары болды.
Өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Ақтөбе облысынан(99,5%) басқа барлық өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Ақмола облысында (115,3%), Шымкент қаласында (110,7%) және Астана қаласында (109%) қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.