2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ құрылымында ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 18,5%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,3% құрайды.
Жалпы өңірлік өнім | |||||
---|---|---|---|---|---|
млн.теңге | өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың. теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
Қазақстан Республикасы | 102 891 845,6 | 100,0 | 103,3 | 5 240,5 | х |
Абай | 2 310 076,9 | 2,2 | 102,1 | 3 780,6 | 14 |
Ақмола | 3 354 781,9 | 3,3 | 108,4 | 4 263,6 | 12 |
Ақтөбе | 4 312 580,9 | 4,2 | 100,0 | 4 675,0 | 11 |
Алматы | 4 248 890,8 | 4,1 | 106,3 | 2 847,3 | 15 |
Атырау | 14 114 693,4 | 13,7 | 101,6 | 20 541,2 | 1 |
БатысҚазақстан | 4 402 500,4 | 4,3 | 101,0 | 6 420,4 | 6 |
Жамбыл | 2 749 013,2 | 2,7 | 105,3 | 2 264,8 | 18 |
Жетісу | 1 387 602,0 | 1,3 | 102,4 | 1 985,9 | 19 |
Қарағанды | 7 396 378,2 | 7,2 | 100,3 | 6 517,4 | 5 |
Қостанай | 4 167 726,2 | 4,1 | 104,5 | 4 997,9 | 10 |
Қызылорда | 2 339 345,6 | 2,3 | 102,4 | 2 824,0 | 16 |
Маңғыстау | 4 052 851,1 | 3,9 | 101,3 | 5 357,8 | 8 |
Павлодар | 4 178 243,9 | 4,1 | 100,2 | 5 528,9 | 7 |
Солтүстік Қазақстан | 2 122 838,2 | 2,0 | 105,5 | 3 956,3 | 13 |
Түркістан | 3 506 165,4 | 3,4 | 100,5 | 1 666,6 | 20 |
Ұлытау | 1 673 972,5 | 1,6 | 103,1 | 7 569,3 | 4 |
ШығысҚазақстан | 3 898 056,0 | 3,8 | 103,7 | 5 328,4 | 9 |
Астанақаласы | 10 444 136,8 | 10,2 | 105,5 | 7 881,9 | 3 |
Алматы қаласы | 19 066 587,1 | 18,5 | 105,1 | 8 944,8 | 2 |
Шымкент қаласы | 3 165 405,1 | 3,1 | 106,8 | 2 689,2 | 17 |
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша алғашқы қатарды Атырау облысы (20541,2 мың теңге), Алматы қаласы (8944,8 мың теңге) және Астана қаласы (7881,9 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жамбыл (2264,8 мың теңге), Жетісу (1985,9 мың теңге) және Түркістан (1666,6 мың теңге) облыстары алады.
ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Алматы қаласында (0,91 п.т.), Астана қаласында (0,57 п.т.) және Ақмола облысында (0,27 п.т.) байқалады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 9980,1 мың теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты мәнде 1,3%-ға өскенін көрсетті.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.