2022 жылғы қаңтарға қарағанда 2023 жылғы қаңтарда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105% құрады.
2022 жылғы қаңтарға қарағанда 2023 жылғы қаңтарда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,5%), байланыс (118,1%) және сауда (119,4%) салалары болды.
2022 жылғы қаңтарға қарағанда 2023 жылғы қаңтарда нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (101,4%), ауыл шаруашылығы (103,3%) және көлік және жинақтау (107,9%) және салалары болды.
Өңірлер бойынша ең үлкен өсім қарқыны Алматы (136,7%) және Шымкент (119,2%) қалаларында және Алматы (113,7%) мен Ақмола (112,6%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.