Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    9,2%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қазанда 9,2% (2026 жылғы қыркүйекте – 9,3%), бір айда – 0,5% (өткен айда – 0,6%) құрады.
    7,6%
    Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 7,6% (2026 жылғы қыркүйекте – 8,5%), азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 10,4% (2026 жылғы қыркүйекте – 11%), ақылы қызметтердің бағасы – 10,3% (2026 жылғы қыркүйекте – 8,9%) өсті.
    Өңірлердегі жылдық инфляция
    кезеңнің соңына, пайызбен, өсім
      2026 2025 2024
    Қазақстан Республикасы 9,2 12,6 8,5
    Абай 7,9 11,9 9,2
    Ақмола 10,8 13,3 8,3
    Ақтөбе 7,5 13,5 8,6
    Алматы 10,0 13,4 5,8
    Атырау 8,9 13,8 8,7
    Батыс Қазақстан 8,6 12,6 9,4
    Жамбыл 8,9 11,6 6,9
    Жетісу 10,3 12,9 8,1
    Қарағанды 8,1 14,2 8,7
    Қостанай 9,2 12,1 7,4
    Қызылорда 9,0 11,3 8,4
    Маңғыстау 7,7 12,1 9,7
    Павлодар 7,7 12,3 8,5
    Солтүстік Қазақстан 10,9 13,4 9,0
    Түркістан 10,1 12,3 7,7
    Ұлытау 9,0 14,2 6,9
    Шығыс Қазақстан 9,0 12,5 9,1
    Астана қаласы 10,0 13,0 10,2
    Алматы қаласы 9,2 11,2 9,4
    Шымкент қаласы 8,8 13,2 7,2
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,9 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері, киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

    2026 жылғы қазан айындағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 7,6 3,071
    Жармалар 3,0 0,027
    Нан және нан өнімдері 9,0 0,286
    Ет және құс 8,6 0,793
    Шұжық, ет өнімдері 11,2 0,389
    Ішетін сүт 7,8 0,113
    Ірімшік және сүзбе 8,3 0,149
    Қышқыл сүт өнімдері 9,4 0,129
    Жұмыртқа 9,9 0,122
    Май және тоң май 7,9 0,179
    Жемістер, жидектер мен жаңғақтар -2,2 -0,119
    Көкөністер 2,1 0,025
    Қант -2,9 -0,027
    Алкогольсіз сусындар 10,1 0,193
    Азық-түлік емес тауарлар 10,4 2,999
    Киім 11,0 0,655
    Аяқ киім 11,1 0,364
    Жуғыш заттар 10,1 0,143
    Бензин 8,6 0,296
    Жеке қолдану тауарлар 11,3 0,323
    Ақылы қызметтер 10,3 3,129
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 11,2 1,042
    тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету 7,2 0,038
    тұрғын үйді жалға алу 17,4 0,292
    Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету 12,3 0,151
    суық су -1,7 -0,009
    ыстық су 2,7 0,007
    қоқыс шығару 3,3 0,010
    суды бұру -0,8 -0,001
    электрэнергия 7,9 0,116
    газ 30,2 0,280
    тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 34,8 0,263
    сұйытылған 9,9 0,017
    орталықтан жылыту 0,7 0,005
    қатты отын 6,1 0,044
    Лифт үшін төлем 5,8 0,010
    домофон 9,3 0,016
    Бір айда азық-түлік емес тауарлардың баға деңгейі 0,8%, ақылы қызметтердің бағасы – 0,5%, азық-түлік тауарлары – 0,2% өсті.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Қазан
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2022 1,6 1,4 1,7 1,7
    2023 0,7 0,5 0,8 0,8
    2024 0,9 0,4 1,0 1,4
    2025 0,5 1,0 1,2 -0,8
    2026 0,5 0,2 0,8 0,5
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • - осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • - халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 537 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Жанатов
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс