Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    112,8%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2026 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың тиісті кезеңіне 112,8% құрады.
    239,8 млн.
    2026 жылғы қаңтар-наурызда республика көлігімен 239,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 8%-ға өсті.
    133 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 133 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,3%-ға кеміді).
    483,7 млн.
    483,7 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 9,3%-ға өсті).
    21,7 млрд.
    Жолаушылар айналымы 21,7 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,8%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының кемуі Шымкент (6%), Алматы (4,4%) қаласында, Алматы облысында (13,1%), Атырау (11,7%), Қостанай (10,6%), Жамбыл (9,3%), Шығыс Қазақстан (8,3%), Қарағанды (6,8%), Ақмола (4,8%), Солтүстік Қазақстан (4,8%), Қызылорда (1,4%), Маңғыстау (1,2%), Ұлытау облысы (1%) және Павлодар (0,8%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы Шымкент (28,6%), Алматы (20,1%) қалаларында, Қостанай (54,4%), Жамбыл (25,5%), Қарағанды (24%), Ақмола (23,9%), Жетісу облысы (17,8%), Алматы облысында (16,2%), Батыс Қазақстан (8,7%) Абай облысы (6%), Қызылорда (2,5%), Түркістан (1,9%) және Солтүстік Қазақстан (1,8%) облыстарында ұлғайды.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 96,7 104,8
    Абай 107,5 106,0
    Ақмола 95,2 123,9
    Ақтөбе 101,1 98,4
    Алматы 86,9 116,2
    Атырау 88,3 55,5
    БатысҚазақстан 101,7 108,7
    Жамбыл 90,7 125,5
    Жетісу 116,1 117,8
    Қарағанды 93,2 124,0
    Қостанай 89,4 154,4
    Қызылорда 98,6 102,5
    Маңғыстау 98,8 89,8
    Павлодар 99,2 96,2
    СолтүстікҚазақстан 95,2 101,8
    Түркістан 114,2 101,9
    Ұлытау 99,0 92,1
    Шығыс Қазақстан 91,7 88,8
    Астана қаласы 102,0 94,3
    Алматы қаласы 95,6 120,1
    Шымкент қаласы 94,0 128,6
    Теміржол көлігі

    2026 жылғы қаңтар-наурызда республика темір жол көлігімен 90,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 8%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 80,7 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,6%-ға кеміді), 4,7 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,6%-ға кем), жолаушылар айналымы 3,6 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,2%-ға ұлғайды).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2026 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 20,4%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 4,4%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,5% және 3,3%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2026 жылғы қаңтар-наурызда 62,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,3%-ға кем), жүк айналымы 40,8 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,6-ға кеміді).

    Әуе көлігі

    2026 жылғы қаңтар-наурызда республиканың әуе көлігімен 3,4 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2%-ға өсті), жолаушылар айналымы 7,3 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 9%-ға ұлғайды).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2026 жылғы қаңтар-наурызда теңіз көлігімен 1 009 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,1% азайғаны байқалады, жүк айналымы 491,3 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,7% ұлғайды.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г.Айгозина
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс