Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының кемуі Шымкент (12,4%), Алматы (6,9%) қаласында, Алматы облысында (19,7%), Атырау (11,9%), Жамбыл (9,6%), Шығыс Қазақстан (7,2%), Қостанай (7%), Қарағанды (4,2%), Ақмола (2,6%), Солтүстік Қазақстан (1,6%) және Павлодар (0,1%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Шымкент (25,8%), Алматы (15,5%) қалаларында, Қостанай (51,8%), Жамбыл (27%), Қарағанды (22,6%), Ақмола (21,7%), Жетісу облысы (20,8%), Алматы облысында (13,5%), Батыс Қазақстан (9,6%) Абай облысы (5,9%), Түркістан (1,9%), Қызылорда (1,6%) және Солтүстік Қазақстан (1,4%) облыстарында ұлғайды.
| Жүка айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 98,7 | 102,2 |
| Абай | 115,8 | 105,9 |
| Ақмола | 97,4 | 121,7 |
| Ақтөбе | 105,9 | 92,7 |
| Алматы | 80,3 | 113,5 |
| Атырау | 88,1 | 51,1 |
| БатысҚазақстан | 106,5 | 109,6 |
| Жамбыл | 90,4 | 127,0 |
| Жетісу | 128,6 | 120,8 |
| Қарағанды | 95,8 | 122,6 |
| Қостанай | 93,0 | 151,8 |
| Қызылорда | 103,5 | 101,6 |
| Маңғыстау | 100,2 | 89,0 |
| Павлодар | 99,9 | 95,8 |
| СолтүстікҚазақстан | 98,4 | 101,4 |
| Түркістан | 128,1 | 101,9 |
| Ұлытау | 102,6 | 93,0 |
| Шығыс Қазақстан | 92,8 | 88,3 |
| Астана қаласы | 108,7 | 92,3 |
| Алматы қаласы | 93,1 | 115,5 |
| Шымкент қаласы | 87,6 | 125,8 |
2026 жылғы қаңтар-ақпанда республика темір жол көлігімен 62,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 14,2%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 54,6 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,1%-ға кеміді), 3,1 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,7%-ға кем), жолаушылар айналымы 2,3 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,7%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 25,5%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 2,4%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 10% және 0,6%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда 40,1 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6%-ға кем), жүк айналымы 26,4 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,5-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың әуе көлігімен 2,2 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1,1%-ға өсті), жолаушылар айналымы 4,8 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3%-ға ұлғайды).
2026 жылғы қаңтар-ақпанда теңіз көлігімен 619,8 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 10,8% азайғаны байқалады, жүк айналымы 297,5 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,6% азайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).