Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    105,1%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2026 жылғы қаңтарда өткен жылдың тиісті кезеңіне 105,1% құрады.
    87,8 млн.
    2026 жылғы қаңтарда Республика көлігімен 87,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар деңгейінен 5,4%-ға өсті.
    48,4 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 48,4 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,4%-ға өсті).
    157,6 млн.
    157,6 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтарға қарағанда 10,1%-ға өсті).
    7,3 млрд.
    Жолаушылар айналымы 7,3 млрд. п-км құрады (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,1%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтарда жүк айналымының өсуі Астана (31,6%) қаласында және Жетісу облысы (75,9%), Түркістан (75,5%), Абай облысы (43,4%), Ақтөбе (21,4%), Батыс Қазақстан (15,2%), Қызылорда (14,2%), Ұлытау облысы (12%), Солтүстік Қазақстан (7,4%), Ақмола (4,9%), Қостанай (4,2%), Маңғыстау (4%) және Қарағанды (3,7%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Шымкент (30,2%), Алматы (13,5%) қалаларында және Қостанай (41,3%), Жетісу облысы (38,3%), Қарағанды (25,2%), Жамбыл (24%), Алматы облысында (15,1%), Абай облысы (14,5%), Батыс Қазақстан (12,4%), Қызылорда (6,3%) және Солтүстік Қазақстан (4,1%) облыстарында ұлғайды.

    2026 жылғы қаңтардағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүка йналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 105,4 103,1
    Абай 143,4 114,5
    Ақмола 104,9 114,7
    Ақтөбе 121,4 95,4
    Алматы 68,9 115,1
    Атырау 89,1 53,4
    БатысҚазақстан 115,2 112,4
    Жамбыл 91,2 124,0
    Жетісу 175,9 138,3
    Қарағанды 103,7 125,2
    Қостанай 104,2 141,3
    Қызылорда 114,2 106,3
    Маңғыстау 104,0 91,6
    Павлодар 99,3 98,1
    СолтүстікҚазақстан 107,4 104,1
    Түркістан 175,5 99,8
    Ұлытау 112,0 99,1
    ШығысҚазақстан 94,2 94,7
    Астана қаласы 131,6 92,2
    Алматы қаласы 90,4 113,5
    Шымкент қаласы 81,5 130,2
    Теміржол көлігі

    2026 жылғы қаңтарда республика темір жол көлігімен 36,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар деңгейінен 2,4%-ға кеміді, осы кезеңде жүк айналымы 31,0 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,7%-ға өсті), 1,7 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтарға қарағанда 2,3%-ға кем), жолаушылар айналымы 1,3 млрд. п-км құрады (2025 жылғы қаңтарға қарағанда 1,1%-ға кеміді).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2026 жылғы қаңтар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 30,4%-ға өсті және жүк айналымы 2%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 10,3% және 0,5%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2026 жылғы қаңтар 19,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтарға қарағанда 8,4%-ға кем), жүк айналымы 13,6 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,7%-ға кеміді).

    Әуе көлігі

    2026 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың әуе көлігімен 1,2 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,9%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 2,6 млрд. п-км құрады (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайды).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2026 жылғы қаңтарда теңіз көлігімен 318,1 мың. тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,3% азайғаны байқалады, жүк айналымы 147,6 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,4% кеміді.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Айгозина
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс