Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының өсуі Астана (21,7%) қаласында, Жетісу облысы (49,8%), Атырау (45,1%), Абай облысы (36,5%), Түркістан (29,3%), Маңғыстау (29%), Ақтөбе (12,5%), Павлодар (10,8%), Қостанай (10,8%), Батыс Қазақстан (9,2%), Алматы облысында (9%), Қарағанды (8,5%), Қызылорда (8,1%), Солтүстік Қазақстан (3,9%), Ұлытау облысы (3,4%) және Ақмола (1,7%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Шымкент (32,4%), Алматы (24,8%) қалаларында, Алматы облысында (45,2%), Түркістан (18%), Абай облысы (15,2%), Қарағанды (14,3%), Қызылорда (13,9%), Шығыс Қазақстан (7,1%), Ақтөбе (5,2%), Жетісу облысы (4,8%), Павлодар (4,7%), Маңғыстау (4,4%) және Батыс Қазақстан (3,9%) облыстарында ұлғайды.
| Жүка йналымы | Жолаушылар айналымы | |
|---|---|---|
| Қазақстан Республикасы | 113,6 | 107,4 |
| Абай | 136,5 | 115,2 |
| Ақмола | 101,7 | 54,7 |
| Ақтөбе | 112,5 | 105,2 |
| Алматы | 109,0 | 145,2 |
| Атырау | 145,1 | 89,5 |
| БатысҚазақстан | 109,2 | 103,9 |
| Жамбыл | 92,4 | 89,5 |
| Жетісу | 149,8 | 104,8 |
| Қарағанды | 108,5 | 114,3 |
| Қостанай | 110,8 | 63,8 |
| Қызылорда | 108,1 | 113,9 |
| Маңғыстау | 129,0 | 104,4 |
| Павлодар | 110,8 | 104,7 |
| СолтүстікҚазақстан | 103,9 | 69,3 |
| Түркістан | 129,3 | 118,0 |
| Ұлытау | 103,4 | 88,4 |
| Шығыс Қазақстан | 92,0 | 107,1 |
| Астана қаласы | 121,7 | 97,3 |
| Алматы қаласы | 100,0 | 124,8 |
| Шымкент қаласы | 69,5 | 132,4 |
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика темір жол көлігімен 466,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 6,8%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 361,3 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10,2%-ға өсті), 19,4 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 6,7%-ға кем), жолаушылар айналымы 15,8 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,5%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 2,8%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 32,8%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 12,8% және 12,7%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 339,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 15%-ға артық), жүк айналымы 173,6 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,5-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда республиканың әуе көлігімен 15,4 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті), жолаушылар айналымы 30 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда ішкі су көлігімен 197,7 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 43,5%-ға азайды), 253 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңіз көлігімен 4 002,2 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 42% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 860,2 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,6% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).