Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының өсуі Астана (17,6%) қаласында, Атырау (46,4%), Жетісу облысы (45,4%), Абай облысы (32,3%), Маңғыстау (27,7%), Түркістан (26,3%), Павлодар (11,4%), Ақтөбе (9,5%), Қостанай (8,7%), Алматы облысында (7,9%), Батыс Қазақстан (7,1%), Қарағанды (6,1%), Қызылорда (5,8%), Солтүстік Қазақстан (1,9%) және Ұлытау (1%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Шымкент (29,7%), Алматы (24,6%) қалаларында, Алматы облысында (49,8%), Түркістан (18,9%), Қызылорда (15,3%), Абай облысы (14,1%), Қарағанды (11,2%), Шығыс Қазақстан (8%), Маңғыстау (6,7%), Ақтөбе (5,2%), Жетісу облысы (4,9%), Павлодар (4,4%) және Батыс Қазақстан (4,7%) облыстарында ұлғайды.
| Жүка йналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 111,8 | 107,6 |
| Абай | 132,3 | 114,1 |
| Ақмола | 98,8 | 53,2 |
| Ақтөбе | 109,5 | 105,2 |
| Алматы | 107,9 | 149,8 |
| Атырау | 146,4 | 92,0 |
| БатысҚазақстан | 107,1 | 103,5 |
| Жамбыл | 90,7 | 88,5 |
| Жетісу | 145,4 | 104,9 |
| Қарағанды | 106,1 | 111,2 |
| Қостанай | 108,7 | 61,6 |
| Қызылорда | 105,8 | 115,3 |
| Маңғыстау | 127,7 | 106,7 |
| Павлодар | 111,4 | 104,2 |
| СолтүстікҚазақстан | 101,9 | 70,2 |
| Түркістан | 126,3 | 118,9 |
| Ұлытау | 101,0 | 88,1 |
| Шығыс Қазақстан | 89,4 | 108,0 |
| Астана қаласы | 117,6 | 97,9 |
| Алматы қаласы | 98,8 | 124,6 |
| Шымкент қаласы | 71,1 | 129,7 |
2025 жылғы қаңтар-қарашада республика темір жол көлігімен 420,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 7,7%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 318,5 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 7,4%-ға өсті), 17,8 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 7,2%-ға кем), жолаушылар айналымы 14,6 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-қарашада өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 2,2%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 31,9%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 12,2% және 12,9%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-қарашада 311,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 15,4%-ға артық), жүк айналымы 159,2 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 16,4-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-қарашада республиканың әуе көлігімен 14,3 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 5,8%-ға өсті), жолаушылар айналымы 27,7 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,7%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-қарашада ішкі су көлігімен 197,7 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 43,5%-ға азайды), 253 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,5%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-қарашада теңіз көлігімен 3 625,7 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 41,4% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 680,2 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 15,6% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).