Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының өсуі Астана (16,7%) қаласында, Атырау (47%), Жетісу облысы (43,9%), Абай облысы (31,5%), Маңғыстау (27,8%), Түркістан (24,9%), Павлодар (12,1%), Ақтөбе (9,5%), Қостанай (8,6%), Алматы облысында (7,9%), Батыс Қазақстан (7,5%), Қарағанды (6,1%), Қызылорда (5,1%), Солтүстік Қазақстан (1,4%) және Ұлытау (1%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Шымкент (28,5%), Алматы (25,1%) қалаларында, Алматы облысында (1,6 есе), Түркістан (19,8%), Қызылорда (15,8%), Абай облысы (13,7%), Қарағанды (11%), Шығыс Қазақстан (9,3%), Маңғыстау (9,1%), Ақтөбе (5,7%), Жетісу облысы (5,3%), Батыс Қазақстан (4,7%) және Павлодар (4,4%) облыстарында ұлғайды.
|
|
Жүк айналымы |
Жолаушылар айналымы |
|
Қазақстан Республикасы |
111,7 |
108,3 |
|
Абай |
131,5 |
113,7 |
|
Ақмола |
98,7 |
52,7 |
|
Ақтөбе |
109,5 |
105,7 |
|
Алматы |
107,9 |
156,2 |
|
Атырау |
147,0 |
95,4 |
|
БатысҚазақстан |
107,5 |
104,7 |
|
Жамбыл |
90,5 |
88,2 |
|
Жетісу |
143,9 |
105,3 |
|
Қарағанды |
106,1 |
111,0 |
|
Қостанай |
108,6 |
61,1 |
|
Қызылорда |
105,1 |
115,8 |
|
Маңғыстау |
127,8 |
109,1 |
|
Павлодар |
112,1 |
104,4 |
|
СолтүстікҚазақстан |
101,4 |
71,7 |
|
Түркістан |
124,9 |
119,8 |
|
Ұлытау |
101,0 |
87,6 |
|
Шығыс Қазақстан |
89,1 |
109,3 |
|
Астана қаласы |
116,7 |
98,2 |
|
Алматы қаласы |
99,7 |
125,1 |
|
Шымкент қаласы |
71,5 |
128,5 |
2025 жылғы қаңтар-қазанда республика темір жол көлігімен 380,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 7,9%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 286,8 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,2%-ға өсті), 16,4 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,7%-ға кем), жолаушылар айналымы 13,4 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,7%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,7%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 31,6%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 12,2% және 13,8%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-қазанда 282,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 15,6%-ға артық), жүк айналымы 145,1 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 16,8-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-қазанда республиканың әуе көлігімен 13,1 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 6,1%-ға өсті), жолаушылар айналымы 25,4 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,5%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-қазанда ішкі су көлігімен 197,3 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 43,5%-ға азайды), 252,9 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 9,4%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-қазанда теңіз көлігімен 3 158,7 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 33,5% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 462 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8,4% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).