Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының өсуі Астана (15,2%), Алматы (1,5%) қалаларында, Атырау (47,8%), Жетісу облысы (41,1%), Абай облысы (30%), Маңғыстау (28,9%), Түркістан (22,5%), Павлодар (16,1%), Батыс Қазақстан (10%), Ақтөбе (9%), Қостанай (8,9%),Алматы облысында (8,6%), Қарағанды (7,6%), Қызылорда (3,6%), Солтүстік Қазақстан (1,5%) және Ұлытау облысында (0,4) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (26%), Шымкент (26%) қалаларында, Алматы облысында (1,7 есе), Түркістан (20%), Қызылорда (17,4%), Маңғыстау (16,1%), Абай облысы (15,9%), Қарағанды (14,4%), Шығыс Қазақстан (11,3%), Батыс Қазақстан (7,5%), Ақтөбе (6,8%), Жетісу облысы (5,3%), Атырау (4,6%) және Павлодар (3,8%) және облыстарында ұлғайды.
|
|
Жүка йналымы |
Жолаушылар айналымы |
|
Қазақстан Республикасы |
112,1 |
110,0 |
|
Абай |
130,0 |
115,9 |
|
Ақмола |
98,8 |
52,0 |
|
Ақтөбе |
109,0 |
106,8 |
|
Алматы |
108,6 |
167,7 |
|
Атырау |
147,8 |
104,6 |
|
Батыс Қазақстан |
110,0 |
107,5 |
|
Жамбыл |
91,3 |
86,4 |
|
Жетісу |
141,1 |
105,3 |
|
Қарағанды |
107,6 |
114,4 |
|
Қостанай |
108,9 |
57,9 |
|
Қызылорда |
103,6 |
117,4 |
|
Маңғыстау |
128,9 |
116,1 |
|
Павлодар |
116,1 |
103,8 |
|
Солтүстік Қазақстан |
101,5 |
73,3 |
|
Түркістан |
122,5 |
120,0 |
|
Ұлытау |
100,4 |
87,1 |
|
Шығыс Қазақстан |
89,1 |
111,3 |
|
Астана қаласы |
115,2 |
98,8 |
|
Алматы қаласы |
101,5 |
126,0 |
|
Шымкент қаласы |
73,0 |
126,0 |
2025 жылғы қаңтар-тамызда республика темір жол көлігімен 300,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 11,4%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 225,1 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,6%-ға өсті), 13,5 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,1%-ға кем), жолаушылар айналымы 11 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,7%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,8%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 31,5%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11,5% және 16,5%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-тамызда 228,1 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-тамыза қарағанда 16,5%-ға артық), жүк айналымы 117,4 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 17,1%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-тамызда республиканың әуе көлігімен 10,6 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,4%-ға өсті), жолаушылар айналымы 20,8 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-тамызда ішкі су көлігімен 129,6 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 52,2%-ға азайды), 232,9 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 9,8%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-тамызда теңіз көлігімен 2 485,5 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30,6% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 153,3 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,3% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).