Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    122,7%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2025 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың тиісті кезеңіне 122,7% құрады.
    550,8 млн.
    2025 жылғы қаңтар-маусымда республика көлігімен 550,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 10,9%-ға өсті.
    275,7 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 275,7 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,8%-ға өсті).
    928 млн.
    928 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 10,5%-ға өсті).
    43,1 млрд.
    Жолаушылар айналымы 43,1 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының өсуі Астана (19%), Алматы (5,2%) қалаларында, Атырау (42,3%), Жетісу (41,2%), Маңғыстау (28,2%), Абай (26,6%), Түркістан (22,7%), Павлодар (20,8%), Батыс Қазақстан (13,4%), Қарағанды (10,2%), Алматы облысында (9,6%), Қостанай (9,5%), Ақтөбе (8,7%), Қызылорда (4,8%) және Солтүстік Қазақстан (2,2%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (24,6%), Шымкент (22,8%) қалаларында, Алматы облысында (1,9 есе), Маңғыстау (31,1%), Абай облысы (23,7%), Атырау (19,7%), Қызылорда (19,2%), Түркістан (18%), Қарағанды (16,8%), Шығыс Қазақстан (10,4%), Батыс Қазақстан (7,5%), Ақтөбе (9,4%) және Павлодар (7,4%) облыстарында ұлғайды.

    2025 жылғы қаңтар-маусымдағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүка йналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 112,8 112,0
    Абай 126,6 123,7
    Ақмола 98,7 53,6
    Ақтөбе 108,7 109,4
    Алматы 109,6 191,1
    Атырау 142,3 119,7
    БатысҚазақстан 113,4 107,5
    Жамбыл 92,7 89,5
    Жетісу 141,2 91,4
    Қарағанды 110,2 116,8
    Қостанай 109,5 57,5
    Қызылорда 104,8 119,2
    Маңғыстау 128,2 131,1
    Павлодар 120,8 107,4
    СолтүстікҚазақстан 102,2 75,0
    Түркістан 122,7 118,0
    Ұлытау 99,2 86,8
    Шығыс Қазақстан 89,1 110,4
    Астана қаласы 119,0 98,3
    Алматы қаласы 105,2 124,6
    Шымкент қаласы 77,3 122,8
    Теміржол көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда республика темір жол көлігімен 222,1 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 12,4%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 166 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 8%-ға өсті), 9,5 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,9%-ға кем), жолаушылар айналымы 7,6 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,3%-ға кеміді).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,8%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 40,8%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 10,7% және 20,1%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда 171 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 18,2%-ға артық), жүк айналымы 86,8 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 17,1%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда республиканың әуе көлігімен 7,2 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,1%-ға өсті), жолаушылар айналымы 14,1 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 9,4%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда ішкі су көлігімен 55,1 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 64,8%-ға азайды), 94,8 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,8%-ға өсті).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда теңіз көлігімен 1 943,5 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 42% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 883,1 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,8% өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Айгозина
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Ш. Шукербаева
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: sh.shukerbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс