Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    122,5%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2025 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың тиісті кезеңіне 122,5% құрады.
    649,6 млн.
    2025 жылғы қаңтар-шіледеде республика көлігімен 649,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 10,1%-ға өсті.
    324,5 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 324,5 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 12,1%-ға өсті).
    1 081,1 млн.
    1 081,1 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 10,7%-ға өсті).
    51,5 млрд.
    Жолаушылар айналымы 51,5 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,7%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының өсуі Астана (13,8%), Алматы (3,3%) қалаларында, Атырау (44,9%), Жетісу облысы (42,7%), Маңғыстау (28,8%), Абай (28,3%), Түркістан (22,9%), Павлодар (17,9%), Батыс Қазақстан (12,6%), Алматы облысында (9,2%), Ақтөбе (8,9%), Қарағанды (8,7%), Қостанай (8,4%), Қызылорда (4,3%) және Солтүстік Қазақстан (1,5%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (25,4%), Шымкент (24,2%) қалаларында, Алматы облысында (1,8 есе), Маңғыстау (20,8%), Абай облысы (19,1%), Қызылорда (19%), Түркістан (18,6%), Қарағанды (15,3%), Шығыс Қазақстан (11,8%), Атырау (10,9%), Ақтөбе (8%), Батыс Қазақстан (6,3%) Павлодар (5,2%) және Жетісу облысы (0,7%) облыстарында ұлғайды.

    2025 жылғы қаңтар-шілдедегі жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 112,1 110,7
    Абай 128,3 119,1
    Ақмола 98,5 52,8
    Ақтөбе 108,9 108,0
    Алматы 109,2 176,2
    Атырау 144,9 110,9
    БатысҚазақстан 112,6 106,3
    Жамбыл 91,9 87,6
    Жетісу 142,7 100,7
    Қарағанды 108,7 115,3
    Қостанай 108,4 57,8
    Қызылорда 104,3 119,0
    Маңғыстау 128,8 120,8
    Павлодар 117,9 105,2
    СолтүстікҚазақстан 101,5 74,2
    Түркістан 122,9 118,6
    Ұлытау 99,8 86,9
    Шығыс Қазақстан 88,9 111,8
    Астана қаласы 113,8 98,6
    Алматы қаласы 103,3 125,4
    Шымкент қаласы 74,9 124,2
    Теміржол көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шідеде республика темір жол көлігімен 260,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 11,9%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 195,2 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,4%-ға өсті), 11,5 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,3%-ға кем), жолаушылар айналымы 9,3 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1,7%-ға кеміді).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,2%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 32,7%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11% және 17,7%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шілдеде 199,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 17,3%-ға артық), жүк айналымы 102,2 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 17,5%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шілдеде республиканың әуе көлігімен 8,9 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,3%-ға өсті), жолаушылар айналымы 17,6 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,9%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шілдеде ішкі су көлігімен 92,1 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 58,4%-ға азайды), 178,3 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 13,6%-ға өсті).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2025 жылғы қаңтар-шілдеде теңіз көлігімен 2 257,3 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 37,1% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 039,6 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,6% өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    М. Мисюра
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс