Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    121,2%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың тиісті кезеңіне 121,2% құрады.
    853,5 млн.
    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика көлігімен 853,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 9,1%-ға өсті.
    421,6 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 421,6 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,1%-ға өсті).
    1 411 млн.
    1 411 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,4%-ға өсті).
    67,1 млрд.
    Жолаушылар айналымы 67,1 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,8%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының өсуі Астана (16,2%), Алматы (1,1%) қалаларында, Атырау (47,5%), Жетісу облысы (42,4%), Абай облысы (31,2%), Маңғыстау (28,4%), Түркістан (23,4%), Павлодар (14,5%), Қостанай (9,3%), Ақтөбе (9,3%), Батыс Қазақстан (8,7%), Алматы облысында (8,5%), Қарағанды (6,9%), Қызылорда (4,6%), Солтүстік Қазақстан (1,7%) және Ұлытау облысында (0,6%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Шымкент (26,8%), Алматы (25,4%) қалаларында, Алматы облысында (1,6 есе), Түркістан (20%), Қызылорда (16,4%), Абай облысы (12,6%), Қарағанды (12,3%), Маңғыстау (11,3%), Шығыс Қазақстан (10,1%), Батыс Қазақстан (5,9%), Ақтөбе (5,8%), Жетісу облысы (5,4%) және Павлодар (4%) және облыстарында ұлғайды.

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегң жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы 112,1 108,8
    Абай 131,2 112,6
    Ақмола 99,0 52,6
    Ақтөбе 109,3 105,8
    Алматы 108,5 161,6
    Атырау 147,5 99,3
    БатысҚазақстан 108,7 105,9
    Жамбыл 90,8 87,6
    Жетісу 142,4 105,4
    Қарағанды 106,9 112,3
    Қостанай 109,3 59,3
    Қызылорда 104,6 116,4
    Маңғыстау 128,4 111,3
    Павлодар 114,5 104,0
    СолтүстікҚазақстан 101,7 73,5
    Түркістан 123,4 120,0
    Ұлытау 100,6 87,6
    Шығыс Қазақстан 89,1 110,1
    Астана қаласы 116,2 98,2
    Алматы қаласы 101,1 125,4
    Шымкент қаласы 71,9 126,8
    Теміржол көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика темір жол көлігімен 339,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 10,5%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 255 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,6%-ға өсті), 14,9 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,7%-ға кем), жолаушылар айналымы 12,2 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2,5%-ға кеміді).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,4%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 32,3%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11,7% және 14,8%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 255 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 15,9%-ға артық), жүк айналымы 130,9 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 16,9-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте республиканың әуе көлігімен 11,9 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,9%-ға өсті), жолаушылар айналымы 23,3 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте ішкі су көлігімен 167,8 мың тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 46,3%-ға азайды), 250,5 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 10,2%-ға өсті).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте теңіз көлігімен 2 812,5 мың тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 32,8% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 297,7 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,8% өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    М. Мисюра
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    Б. Қуандықов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: b.kuandikov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс