Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының өсуі Астана (21,9%), Алматы (5,5%) қалаларында және Атырау (41%), Жетісу (38,5%), Маңғыстау (26,9%), Абай (25,7%), Павлодар (24,1%), Түркістан (23%), Батыс Қазақстан (13,1%), Алматы облысында (11%), Қостанай (10,8%), Қарағанды (10,7%), Ақтөбе (8,7%), Қызылорда (5,4%) және Солтүстік Қазақстан (2,2%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (23,9%), Шымкент (20,8%) қалаларында және Алматы облысында (2 есе), Маңғыстау (37,6%), Атырау (31,2%), Абай облысы (22,5%), Қарағанды (18%), Қызылорда (14,5%), Түркістан (13,9%), Шығыс Қазақстан (10,2%), Батыс Қазақстан (8,8%), Ақтөбе (8,7%) және Павлодар (8,4%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 113,6 | 112,9 |
| Абай | 125,7 | 122,5 |
| Ақмола | 99,5 | 54,6 |
| Ақтөбе | 108,7 | 108,7 |
| Алматы | 111,0 | 204,2 |
| Атырау | 141,0 | 131,2 |
| Батыс Қазақстан | 113,1 | 108,8 |
| Жамбыл | 93,8 | 90,7 |
| Жетісу | 138,5 | 88,8 |
| Қарағанды | 110,7 | 118,0 |
| Қостанай | 110,8 | 60,0 |
| Қызылорда | 105,4 | 114,5 |
| Маңғыстау | 126,9 | 137,6 |
| Павлодар | 124,1 | 108,4 |
| Солтүстік Қазақстан | 102,2 | 75,5 |
| Түркістан | 123,0 | 113,9 |
| Ұлытау | 98,3 | 85,9 |
| Шығыс Қазақстан | 89,9 | 110,1 |
| Астана қаласы | 121,9 | 98,1 |
| Алматы қаласы | 105,5 | 123,9 |
| Шымкент қаласы | 85,5 | 120,8 |
2025 жылғы қаңтар-мамырда республика темір жол көлігімен 185,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 14,1%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 138,8 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті), 7,8 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 6,8%-ға кем), жолаушылар айналымы 6,0 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-мамырда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 2,3%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 44,6%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 10,4% және 22,6%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-мамырда 142,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 18,2%-ға артық), жүк айналымы 71,8 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 16,2%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-мамырда республиканың әуе көлігімен 5,7 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті), жолаушылар айналымы 11,2 млрд. ж-км құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,3%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-мамырда ішкі су көлігімен 13,6 мың тонна жүк тасымалданды, (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 81,1%-ға азайды) 32,6 мың жолаушы тасымалданды, (2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті).
2025 жылғы қаңтар-мамырда теңіз көлігімен 1 600,0 мың. тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 43,9% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 747,9 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 14,7% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).